Zhandos's Weblog

Рамазан айы мен ондағы оразаның құндылықтары

Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен.

Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болғай) былай дейді: «Рамазан келгенде Жәннаттың қақпалары ашылады да, Тозақтың қақпалары жабылады; және шайтандарды шынжырларға бұғаулайды.» Бұхари 1899, Мүслим 1079.

Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болғай) және былай дейді: «Рамазан айының алғашқы түні келгенде жындардың маарид шайтандары кісендерге бұғауланады; Тозақтың бірде-бір есігі қалмастан бәрі жабылады, Жәннаттың бірде-бір есігі қалмастан бәрі ашылады, содан шақырушы:
«Әй жақсылыққа ұмтылушы, (жақсылықтарыңды) баста!
Әй жамандыққа ұмтылушы, тоқта!» – деп шақырады.
Бұл айдың ішінде Аллаһтың алдында сондай адамдар болады, – олар Тозақтағы азаптан босатылады; ал мұндай босатылу – Рамазанның әрбір түнінде болады».
Сахихтығын шейх Әлбани растаған.

Маарид шайтандар – олар жындардан болған алып қуатты шайтандар.

Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болғай) айтады: «Рамазандағы умра – қажылықпен тең». Бұхари 1863, Мүслим 1256.

Яғни Рамазан айындағы умраның сауабы қажылықтың сауабымен тең болып келеді.

Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болғай) айтады: «Шынында, Аллаһ Тағаланың алдында сондай адамдар бар, – Аллаһ оларды Рамазанның әрбір күндізі мен түнінде Оттан босатады. Және шынында, әрбір мұсылман Рамазанның түнінде де, күндізінде де өзінің дұғасына жауап алып отырады». Баззар. Сахих хадис. «Сахих ат-Тарғиб» 1002.

Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болғай) тағы былай дейді: «Кімде-кім Рамазан айында, Аллаһтың сауабынан үміт қылып және сеніп ораза тұтатын болса, оның өткен күнәлары кешіріледі. Бұхари 38, Мүслим 760.

Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болғай) және былай дейді: «Бес парыз намазды орындау, алдыңғы жұма намазы мен келесі жұма намазына қатысу, және (алдыңғы) Рамазан мен (келесі) Рамазанның оразасын тұту – (осы амалдар) олардың арасында жасалынған күнәларды кешіреді, тек егер олардың арасында ауыр күнәлар болмаса». Мүслим 233.

Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болғай) былай дейді: «Адам баласының әрбір жақсылық ісі еселенеді, жақсылық ісінің ең аз сыйы он есе болады, бірақ жеті жүз есеге дейін де көбеюі мүмкін. Аллаһ Тағала айтады: «Оразадан басқасына. Өйткені шынында, ораза Мен үшін тұтылады, және Мен сол үшін қайтарамын. Өйткені адам өз нәпсісін қандырудан және тамағынан Мен үшін тыйылады!» Ауыз бекітушіні екі қуаныш күтіп тұр: бірі – оразасын ашқанда, екіншісі – Раббысымен қауышқанда. Әлбетте, ораза тұтушының ауыз иісі Аллаһ үшін мисктің хош иісінен де жағымдырақ!» Мүслим 1151.

Аллаһ Тағала бүкіл ізгі амалдардың ішінен оразаны ерекшелеуінің себебі, – намаз, садақа, қажылық және жихад амалдарына қарағанда, оразада рия азырақ кездеседі. Сол себептен басқа құлшылықтармен салыстырғанда оразаның үстемдігі мен құндылығын көрсету үшін Аллаһ Тағаланың «Ораза – Мен үшін» деген сөзі жеткілікті болатын.

Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болғай) былай дейді: «Шынында, Жәннатта сондай қақпа бар, «Райян» деп аталатын. Қиямет күні одан ораза тұтушылар кіреді, және олардан басқа ол қақпадан ешкім кірмейді. «Ораза тұтушылар қайда?» – деп айтылады, сонда олар алдыға шығады, және олардан басқа ол қақпадан ешкім өтпейді. Олар кіргеннен соң ол қақпа жабылады да, одан, басқа ешкім кірмейді. Бұхари 1896, Мүслим 1152.

Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болғай) айтады: «Ораза – қорған, онымен Аллаһтың құлы Оттан қорғанады». Хасан хадис.

Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болғай) тағы былай дейді: «Кімде-кім ораза тұтып жүріп өліп кетсе, Жәннатқа кіреді». Баззар. Сахихтығын шейх Әлбани растаған.

Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болғай) және былай дейді: «Қиямет күні Ораза мен Құран Аллаһтың құлына шапағатшы болады. Ораза тұрып: «Иә Раббым! Мен оны күндіз тағам мен сусыннан құр қалдырдым, оған шапағат қылуға маған рұқсат бере гөр!» – дейді. Және Құран: «Иә Раббым! Мен оны түнде ұйқысынан айырдым, оған шапағат қылуға маған рұқсат бере гөр!», – дейді. Сонда олардың шапағаттары қанағаттандырылады». Ахмад. Сахихтығын имам Хаким растаған.

http://islamqz.narod.ru/

Тамыз 21, 2009 - Жазған: Abu Muxsin | Ислам | , | 2 Пікір

2 Пікір »

  1. Медіреседе 2 жыл бірге тұрып бірге ас ішіп бірге намазға жығылған досым өткенде жол шырғалаңының кесірінен қдүниеден өтті небәрі 21 жастағы жігіт еді

    Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болғай) тағы былай дейді: «Кімде-кім ораза тұтып жүріп өліп кетсе, Жәннатқа кіреді». Баззар. Сахихтығын шейх Әлбани растаған.

    Comment жазған Бөкен | Қыркүйек 1, 2009 | Жауап

  2. инна лилляһи уа инна иләйһи раджиъуун

    Comment жазған Abu Muxsin | Қыркүйек 1, 2009 | Жауап


Пікір жазыңыз