Zhandos's Weblog

Мұхамеджан Тазабеков: МЕН МҰСЫЛМАНМЫН, ӘРІ ҚАРА ТҰЯҒЫМА ДЕЙІН ҚАЗАҚПЫН

– Мұхамеджан, сіз жөнінде жұрт­­тың білгісі келетін бір сұрақ бар. Айтысқа неге шықпайсыз?
– Мен айтысқа өте жас кел­дім. Он үш жасымда қолыма домбырамды алып, сахнаға шығып, ал он бес жасымда үлкен ақын­дармен айтысып, рес­пуб­лика көлеміндегі жыр додасында жүлдегер атандым. Және бірден нәтижелі айтыс көрсетіп, қатарға ертерек қосылып кеттім. Айтыста өзім­нің жолымды салдым. Бірақ мен айтыспен қош айтысқан жоқ­пын. Адам өзінің рухани жаң­ғыру, түлеу және шыңдалу ке­зеңдерінде жұрттың алдына көп шыға бермеуі мүмкін. Сон­дық­тан айтысқа шықпай жүр­гені­ме соншалықты үлкен себеп жоқ. Әлі де айтыстың төңірегінде­мін. Жас ақындардың басын бі­рік­тіріп, оларға бас-көз болып, жол көрсетумен айналысып жүр­мін. Негізі мұсылманшылық жол­ды тереңірек ұстанып, үйре­ніп, білім алып жүргендіктен, уа­қы­тымның көбі осы жолға жұм­салып жатыр. Өзімнің ақындық қа­білетімді, шығармашылық мүм­кіндіктерімді пайдаланып, мұ­сылмандық өлең жазып, уа­ғыз-насихаттар жүргізіп жүрген жайым бар.
– Менің бір байқағаным, соң­ғы уақыттарда дінді ұстан­ған­дар­дың басым бөлігі сахнадан қол үзіп жатыр. Аузы дуалы ақын­да­ры­мыздың бірі Шорабекті айтыс­тан көре алмай дал болдық. Ал Бекболаттың дауысын қаншама қа­зақ сағынды. Сізді де осы топқа қосу­ға болады. Жаңа «уағыз-на­сихат жасап жүрмін» дедіңіз. Не­ге осы уағызыңызды сахна арқы­лы, өнеріңізбен әрлеп жеткіз­бес­ке? Қайта сахнаның күшімен ха­лықты ұйытуға болады ғой.
– Өнерде толыққанды жүру оңай емес. Көп жағдайда орта өз әсе­рін қалдырмай қоймайды. Уа­қытың пайдасыз іске көп жұм­­салады. Жалпы, айтысқа, өнер­ге дін ешқашан тыйым сал­ған емес.
Алланың берген қасиеті поэ­зия өте құдіретті өнер. Бұл өзі қан­жар іспеттес. Пышақпен нан турау­ға да, кісі өлтіруге де бо­ла­ды. Сол сияқты өлеңнің күшімен жақ­сылықтың да нұрын шашуға жә­не жамандықтың уытын да та­ратуға болады. Құранда 114 сүре бол­са, оның біреуі ақындарға ар­налған «Шұғара» сүресі. Сол сүре­де «ақындарға азғындар ғана ере­ді, бірақ олардың иман кел­тір­­гені басқа» деген жолдар бар. Яғни, ақындар Алланың берген қа­сиетінің арқасында соңынан ха­л­ықты ертіп, сөзіне иландыра ала­ды. Бірақ қазір «құбылаңа тү­кір­дім!» деп немесе Аллаға, Пай­ғам­бар­ға қарсы күпір сөз айтып, өлең жа­зып жүргендер де бар. Мұн­дай­лар халыққа қасиетсіз ұғымдарды сіңіреді. Кейбір ғалым деп жүрген аға­ларымыз «неге мешіттер көп са­лы­нып жатыр?», «неге жастардың б­әрі намазхан боп кетті?» деп, кей­бір мінбелерден орынсыз сөз ай­тып, мәселені басқа жақтан іздей­тін сияқты. Мәселен, мен Париж сах­насында өткен жыр додасында ай­тысқым келген. Жүрсін ағам екеуміз Париж төрінде иман­ды­лық айтысын өткізейік деп ұйғар­ған­быз. Бірақ кезінде маған қам­қор болған үлкен ағаларымның бі­рі «Мұхамеджан сақалымен сах­на­ға шығатын болса, айтыспай-ақ қой­сын» деп, жолыма тосқауыл бол­ды.
– Сол Париж сахнасында өткен айтыста «Дін ислам – діңгегім» де­ген толғауыңызды оқыған кезіңіз­де, көздеріңізден сахнаға деген са­ғынышты байқадым. Халықтың іл­типатын әбден сағынып қалған сияқ­тысыз… Толығырақ »

Наурыз 24, 2008 Жазған: Abu Muxsin | Ислам | , , , , , , | 5 Пікір