Абайлаңыз! ХАРИЖИТТЕР
және
олардың идеологиясы
«Ізгі амалдар етуге асығыңдар. Ақиқатында айсыз тастай қараңғы түн сияқты,Бұліктер заманы келеді. Ол заманда, адам таңда иманды болып, кешке кәпір немесе кешке иманды болып, таңда кәпір болады. Өзінің дінін азғантай дүниеге сатады».
Абайлаңыз!
Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын!Шынында барлық мақтау Аллаһқа ғана тән, біз Оны мадақтаймыз, әрі Одан ғана жәрдем тілейміз, әрі Одан кешірім сұраймыз! Сондай-ақ, біз өз нәпсіміздің және іс-әрекетіміздің кесірінен Оған ғана сыйынамыз. Кімді Аллаһ хақ жолға салса, оны ешкім де бұл жолдан адастыра алмайды. Ал енді кімді адастырса, оны ешкім де хақ (тура) жолға сала алмайды. Ешқандай серігі болмаған, жалғыз Аллаһтан басқа ешбір құлшылыққа лайықты тәңір жоқ екендігіне куәлік беремін және Мұхаммед,оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Аллаһтың құлы әрі Оның елшісі екендігіне куәлік беремін.Шын мәнінде, біздің уақыт – ұлы Бұліктер мен сынақтар уақыты, көптеген мұсылмандардың жүректерінде дін негіздері шайқалған уақыт. Осман ибн Аффанның өлтірілуінен бастап, бүгінгі күнге дейін біздің үмметімізде болып жатқан Бұлік пен бөлінудің бірден-бір себебі -мұсылмандардың заңды басшыларына қарсы көтеріліс пен Бұліншілік жасауы.Шынайы білімге ие болған ғалымдар, басшыларға қарсы шығу мәселесін егжей-тегжейлі түсіндіріп, Аһлі сүннет уал-жамағаттың бұл мәселеге деген көзқарасын айтып өткен.Исламдағы ең алғашқы діни жаңалықты (бидғатты) харижиттер ағымы енгізді. Олардың пайда болуы туралы Сүннетте ескертпелер бар.Харижиттердің бұлай аталуы, олардың осы үмметтегі ең жақсы адамдарға (сахабаларға) және мұсылмандар жамағатымен бір ауызды сайланған басшыларға қарсы («хуруж») шыққандықтарынан.Аһлі сүннет уал-жамағат жолын ұстанушылар харижиттердің дінге жаңалық әкеліп, мұсылмандардың бірлігін шайқалтқан адасқан ағым өкілдері екендігіне бір ауыздан келіскен.Қай уақытта адамдар арасында харижиттік пікірлер мен көз қарастар пайда болса, білім иелері мұсылмандарды Аллаһ жолына шақырып, харижиттердің адасуын түсіндіруді міндет деп есептеген. Өкінішке орай, көптеген мұсылмандар, өз білімсіздіктері салдарынан, харижиттік сипаттардың кейбіреулері бойларында бар екенін байқамай жүр.
Харижиттердің сипаттары
1. Олар мұсылмандарды үлкен күналары үшін күпірлікте айыптайдыХарижиттер мұсылмандарды үлкен күнә жасағандары үшін мәңгілікке тозаққа кіреді деген ұғыммен, имансыздықта айыптай бастаған ең алғашқы адамдар еді.Бұл харижиттердің ең танымал белгілерінің бірі, тіпті олардың арасында кіші күнәлар үшін де имансыздықта айыптағандар бар еді.Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айтты: «Мұсылман адамды имансыздықта айыптаған, оны өлтіргенмен тең!».2. Өздерімен келіспейтін мұсылмандарды имансыз дел санайды да, қандары мен малдарын рұқсат етіп аладыИбн Тәймия айтты: «Харижиттер -мұсылмандарды имансыздықта айыптаған ең бірінші ағым. Олар, күнәһарларды және харижиттік бидғаттармен келіспейтіндерді күпірлікте айыптай бастады да, олардың қандары мен малдарын өздеріне рұқсат етіп алды. Мұсылмандарды имансыз дейтін барлық бидғатшылардың жағдайы осы. Ал Аһли сүннет уәл-жамағат тек қана Құран мен Сүннетке ереді; олар Аллаһқа және Оның елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсып, бойұсынады, шындықты үстанып, Аллаһтың жаратылыстарына мейірімді болады».3. Олар, мұсылмандардың заңды басшыларына қарсы көтеріліске шығуды рұқсат етедіБұл – олардың ұғымы мен діндерінің негізі болып табылады! Пайғамбарымыз, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Басшы сені арқаңнан ұрып, мал-мүлкіңді тартып алып жатса да,оны тыңдап бойұсын!».Аш-Шахристани айтты: Мұсылмандардың заңды басшысына қарсы шыққан кез-келген адам, харижит болып табылады.Ан-Науауи былай деді: «Мұсылмандар басшыларына, олар күнәһар әрі залым болса да, оларға қарсы шығып, соғысуға тиым салынады».Ибн Тәймия айтқандай: «Аһлі сүннет уәл-жамағат нанымдарының негізі – басшыға қарсы шығып, бүлік кезінде соғысуға тиым салатындығы. Ал мугтазилиттер болса, мұсылмандар басшысымен соғысуды діндерінің негізі етіп алған».Ахмад айтты: «Кімде-кім, оның айналасында мұсылмандар жиналған, әрі билігін мойындаған, мейлі ол билікті күшпен немесе келісіммен алған болсын, мұсылмандар басшысына қарсы шығатын болса, онда ол мұсылмандар бірлігіне іріткі салып Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сөздеріне қарсы келді. Егер де Бұл іріткі салушы, осы жолында қайтыс болса, жаһилиет өлімімен өледі. Ешқандай адамға, басшыға қарсы шығып, соғысуға рұқсат етілмейді. Ал кім осыны істесе, онда ол жаңалық енгізуші әрі Сүннетке ермейтін адам болады».Бүгінгі харижиттер, басшыларға қарсы шығуды қайтарған адамдарды, муржиитер деп атайды. Өйткені, харижиттер мұсылмандар басшыларын діннен қайтқан кәпірлер деп есептейді. Осы негізде олар біздің замандас, үш ұлы имамдарымыз: ал-Албани, ибн Баз, ибн Усәйминді муржииттер деп атайды.4. Олар басшылардың күнәларын андып, елдің көзінше оларға тіл тигізеді, әрі адамдарды анархияға шақырадыАлламың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айтты: «Кімде-кім басшыны қорласа, Аллаһ оны қорлайды».Укба ибн Уассаж айтқан: «Мен харижиттер туралы және олардың, басшыларды қалай сөгетінін еститінмін. Бір күні, мен Абдуллаһ ибн Амрды кездестіріп, оған: «Сен Аллаһтың Елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қалған сахабаларының қатарынансың. Әрі Аллаһ саған білім берді. Бұл жерде, Иракта өз басшыларын сөгіп, олардың адасуларын елге жария етіп жүргендер пайда болды, олар туралы не дейсің?», – дедім. Сонда ол: «Олар -Аллаһтың, періштелердің және барлық адамдардың лағынетіне ұшырағандар!»,- деді.Абу ад-Дарда айтты: «Расында, екіжүзділіктің бірінші көрінісі – мұсылмандар басшыларын балағаттау».Ал-Барбахари айтты: «Егер сен мұсылмандар басшысын сөгетін адамды көрсең, он да біл, ол өз көңілдеріне ерген адам. Ал егер сен Аллаһтан, басшыға жақсылық тілеп жүрген адамды көрсең, онда біл, ол Сүннетке ерген адам, иншаАллаһ».5. Олар адамдардың, ниеттері мен жүректеріндегі нәрселер туралы білімге ұмтыладыӨкінішке орай, бүгінгі уақытта көптеген мұсылмандар осы нашар қасиетке ие. «Бұл ықыласты, анау болса – екіжүзді», дейтін сөздерді көп естуге болады. Бұның кесірлігі, осыны жариялаушы, оған жасырын болған, тек қана Аллаһ білетін нәрсе арқылы адамдарды мінейтінінде. Және мұнда адамды мақтау мен айыптаудың еш айырмашылық жоқ.6. Олардың өздері туралы ойы жақсы, ал басқалар туралы пікірлері жаман. Олар негізінде жақсы емес нәрсені, жақсы деп, мұсылмандар өмір сүретін жерлерін, имансыздар жерлері деп атайдыАбул-Хасан ал-Ашари харижиттер ағымдарының бірінің белгілерін атап: «Олар айтады: егер басшы діннен қайтып, имансыз болса, халықтың барлығы имансыз болады»,-деді. Тағы да олар: «Бұл көпқұдайшылық жері, ал оның барлық тұрғындары көпқұдайшылар»,-дейтінін айтты.Ибн Таймия айтты: «Харижиттер, мұсылмандардың жерлерін, имансыздар жерлері деп есептейді».7. Өздерін ақтау үшін олар, күдікті әрі бірмагынасыз дәлелдер келтіредіАллаһ Тағала айтты: «Аллаһ бір елді тура жолға салғаннан кейін олардың сақсынатын нәрселерін ашық білдірмейінше, оларды адастырмайды. Расында Аллаһ әр нәрсені толық білуші», 9/115.Ибн Умар харижиттерді Аллаһтың ең жаман жаратылыстары деп есептеген, ол: «Харижиттер имансыздарға қатысты түскен аяттарды, имандыларға қатысты қолданады»,-деді.8. Харижиттер Құранды өз көңілдеріне сай түсіндіредіИбн Абдул Барр былай жазды: «Харижиттер мен мутазилиттер сияқты дінге жаңалық еңгізушілер, Құран аяттарының сыртқы мағынасына негізделіп, адасып кетті, мысалға: «Ал кім, Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, он да олар имансыздар!» деген аяты».Ал-Жассас айтты: «Харижиттер осы аяттардың мағынасын өзгертті. Жоққа шығармаса да, Аллаһтың үкімін қалдырғандардың барлығын имансыздықта айыптай бастады».Ибн Тәймия былай деді: «Ең бірінші жаңалық, яғни харижиттердің жаңалық енгізуі, олардың Құранды дұрыс түсінбеулері себепті пайда болды. Олар – надандар, өз надандықтарымен Құран мен Сүннетке қарсы шыққандар!»9. Харажиттер ғұламалардан ұзақталған.Олар мәселені Құран мен Хадис аясында түсіну қағидасын ескермей, жеткілікті дәрежедегі білімдерінің аздығынан, беделді ғұламалардың пікірлерімен санаспай, тіптен елемей, өздері жауап іздеп, дара ұстанымдарын шығарғылары келеді. Бүкіл суннит әлеміне танымал гұламалардың ұстанымдарынан бас тарту, деструктивті экстремистік (содырлық) топтардың гуындауының басты себебі.10. Үлкен білім дәрежелері жоқ ғалымсымақтарды, бір сәтте әмір, көсем, муфти не имам етіп тағайындаулары.Нәтижесінде, шариғат ауыстырылып, дін бұзылып, ізгілік жоғалып, бүліктер көбейіп, өшпенділіктін оты тұтанады. Пайғамбарымыз Мұхаммед, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айтқан: «Шын мәнінде, Аллаһ білімді өз қулдарын одан айырып, алып қоймайды. Бірақ білімді ғалымдардын өлімімен алады. Тіпті, бір-де ғалым қалдырмаған уақытта, адамдар өздеріне надандарды басшы қылып алады. Оларға сұрақ қойылған кезде, білімсіз фәтуә береді. Сонда, өздері де адасады, басқаларды да адастырады».Ал Хасан ал-Басри: «Бұлік жақындағанда, ол туралы әр- бір ғалым біледі, ал қашан ол кетсе оны әр-бір білімсіз көреді»,-деген.11. Олар жас әрі зердесіз Пайғамбарымыз Мұхаммед, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Соңғы уақыттарда жас, зердесіз адамдар пайда болып, ең жақсынын сөздерін (Құран) оқитын болады. Алайда олар исламнан садақтан жебе шыққандай шығады. Ол адамдардың имандары кеңірдектерінен ары өтпейді»,-деп харажиттерді сипаттаған болатын.12. Олар жиһад, жамандықтан қайтару секілді игі істермен мәнді ұрандарды өздеріне бет перде етіп алады.Пайғамбарымыз Мұхаммед, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айтқан: «Менің үмметімде келіспеушілік пен жіктелу пайда болады. Сондай-ақ әдемі сөздер айтып, нашар қылықтар істейтін адамдар шығады». Албани жиі айтатындай: «Сендер оларды істерінің жемістеріне қарап танисыңдар.» Ибн Тәймия : «Құран мен Сүннет жиһад пен оның құндылығы туралы бұйрықтарға тұнып тұр. Бірақ та Аллаһ және Оның елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бекітіп, заңдастырған жиһад пен адасушы топ жүргізетін жиһаттың арасында айырмашылық бар екендігін білу қажст. Олар Мейірімді Аллаһқа бағынып, жиһад жасаудамыз деген ойларымен, шайтанға бағынуда. Мұндай жиһад өз нәпсілері мен бидғаттарды устанушылардың, мұсылмандармен соғысатын харжиттер мен соларға ұқсастардың жиһады тәріздес» деген.Осы дүниеде ең ауыр зулымдық істегендер, мундайды тек ізгі маһсатпен жасағандарын мәлімдеген. Алайда шариғатта «Жақсы ниет, жаман істерді, ізгі ете алмайды » деген қағида бар.13.Олар ғұламаларды даттап, имансыздыққа шығарады.Мұндай сипат харажиттерге ғана емес, барлық адасқан топтарға тән.Ахмад ибн Синан: «Бұл дүниеде хадис білгірін жеккөрмейтін бидғатшы жоқ» десе, имам ас-Сафарани былай дейді: «Ақиқатында ғұламалардың еңбектері белгілі, абыройлары асқақ. Кім олардың абыройларын түсіргісі келсе, ол адамдардың арасындағы ең нашар, ең оңбаған адам. Ал, кім оларды жек көрсе, ол шайтанның тобынан».14. Қатарларында шынайы білім иелерінің жоқтығы.Али бұйрығымен харажиттермен келіссөзге барған Ибн Аббастың ең бірінші сөзі: «Мен сендерге пайғамбарымыз, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабалары – мухажирлер мен ансарлардан және халифтің атынан келіп тұрмын. Құран оларға түсірілді, олар оның мағанасын сендерден жақсы біледі, ал сендердің араларында сол сахабалардын біреуі де жоқ». Еш уақытта адасқан ағымдарда шынайы білім иелері болмаған да, болмайды да! Ибн Ражаб: «Бидғатшылар мен адасушыларға келер болсақ, олар білім иелеріне уқсағылары келеді, бірақ та олар, ғуламалар қатарынан емес. Оларға ілесуден сақтандыру үшін, олардың білімсіздіктерін ашып, адасуіпылықтарын әшкерелеу рұқсат етілген амал»,-деп жазған.15. Олардын сипаттарынан шаштарын тақырлап алу.Пайғамбарымыз Мұхаммед, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Менің үмметімде келіспеушілік пен жіктелу пайда болады. Сондай-ақ, әдемі сөздер айтып, нашар қылықтар істейтін адамдар шығады. Олар Құран оқиды, алайда ол кеңірдектерінен ары өтпейді. Олар діннен садақтан жебе ұшқандай шығып, қайтып келмейді. Жаратылыстардың ең нашарлары солар…». Одан сурады: Ей Аллаһтың елшісі, олардың сипаттары қандай? Ол: «Шаштарын тақырлап алуы»,-деді.Ғұламалардың бірауызды пікірлері бойынша шашты тақырлап төрт жағдайда алған абзал: хаж не умрадан кейін, дүниеге келген баланың жетінші күнінде және адымның ислам қабылдағанынан кейін. Өзге жағдайларда шашты тақырлап алу құлшылық түріне жатпайды. Ибн Тәймия: «Бұл мәселеде гұламалар бірауызды келіскен»,-деген.16. Олар мақсаттарына жету үшін өтірікке жүгінеді.Алғашқы харажиттер өтірікті имансыздық деп қабылдағандығына қарамастан, бүгінгі харажиттер өз қызметтерінде өтірікті қажеттілік деп рұқсат етіп алған.17. Өз пікірлерінде тұрақсыз.Осы білімсіздіктерінің салдарынан, харажиттер өз іштерінде жиырма ағымға бөлінген. Ибн Тәймия: «Бидғатшылар күмәнға бой алдыру себепті, бір пікірде тұра алмайды. Бұл Аллаһтың Құран мен Сүннет жолынан бет бұрғандарға белгілеген жазасы».18. Мұсылмандармен бейбіт келісімдегі кәпірлерді өлтіруге болады дейді.Пайғамбарымыз Мұхаммед, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Кімде-кім мұсылмандармен бейбіт келісім жасасқан мұсылман еместі өлтірсе, иісі қырық жылдық жерден сезілетін, жаннаттың хош иісін сезбейді»,-деген. Ал, басқа бір хадисінде: «Бүкіл мұсылманның қаны бірдей дәрежеде құнды, олардың ең беделсізіне берілген қауіпсіздік кепілдігін барлығы да сақтауы қажет».Зансыз адам өлтірудің үлкен күнә екендігін түсіну үшін, осы айтылғандар жеткіліксіз бе?! Бұл күндері харажиттер, өздерінің жалған идеологияларын қолдамайтын мұсылмандарды өлтіруден де тайынбайды.19. Теракт жасауды дұрыс дейді.Ибн Усеймин Сауд Арабиясындағы жарылыстан кейін: «Күдіксіз бұл әрекеттің Құран мен Сүннетке сәйкеспеуінен, әр-бір ақыл иесі, мұндай іске риза болуы мүмкін емес. Бұл Исламға іштен де, сырттан да зиян әкелетін үлкен қылмыс. Әділетсіздер табысқа жете алмайды. Ілім іздеуші шәкірттер мұсылманның қанын төгуді рұқсат ететін, харажиттер дің сұрқия жолын адамдарға міндетті түрде түсіндірулері қажет»,-деген.Салих ас-Сухейми айтты: «Жамағатул-жиһад» ағымы осы ғасырдың харажиттері! Пайғамбарымыз, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оларды «тозақтың иттері» деп атаған. Олар тіптен ислам елдерін имансыздардың жері деп, ондағы мұсылмандарды өлтіруде. Өз қылықтарыменен мұсылман еместердің мұсылман мен исламға қарсы арандатушылық туғызып, кейбір мұсылман қалаларына мұсылман еместердін иелік етуіне жол ашып қойды.Ибн ал-Қаййим айтты: «Адамдардың көбісі құлшылықты Аллаһтың тиымдары арқылы жасайды, олардың жүректерінде осы бір амалдар бойұсынушылық пен Оған жақындау деген сенім орныққан. Мұндай адамдардың жағдайы, күнәһардың жағдайынан да жаман».Жоғарыда жазылғандар негізінде, харажиттер ағымының Ислам әлеміне қандай қауіп төндіріп тұрғаның аңғаруға болады.Аллаһ Тағала мұсылмандарды аталған сипаттардан сақтасын. Әмин!!!
5 Пікір »
Пікір жазыңыз
-
Мұрағат
- Қыркүйек 2009 (1)
- Тамыз 2009 (8)
- Шілде 2009 (2)
- Маусым 2009 (7)
- Мамыр 2009 (1)
- Қаңтар 2009 (3)
- Желтоқсан 2008 (1)
- Қараша 2008 (1)
- Тамыз 2008 (1)
- Шілде 2008 (1)
- Мамыр 2008 (1)
- Наурыз 2008 (3)
-
Категориялар
-
RSS
RSS жазулар
RSS пікірлер



Жәке, қалай ойлайсыз, осы харижиттермен такфиршілердің арасында ұқсастық бар ма?
takfir jamaati sol xauarijderden
ассаламу алайкум Жандос қалайсын. сенімен қалай хабарласамын???????????????
ulykbek@yahoo.com -ға хат жаз күтем.
Assalamu aleikum Zhandos bauyrym! kalai habarlasa alamyz? sizben tanyskim keledi.
mubarak-84@list.ru
uaaleikumussalam uaraxmatullah
powtan’izgha xabarlasarim inwallah