Zhandos's Weblog

Күнәлар әсері

  Мейірімді де Рахымды Аллаһтың есімімен бастаймын.Барша мақтау бүкіл әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән. Және Аллаһтың игілігі мен сәлемі Оның елшісі Мухаммедке болсын.
Біз бұл тақырыбымыздың астында күнәлардың жекелеген адам мен қоғамға тигізетін әсерлері жайында айтып өтпекшіміз. Имам Ибн Қайим Әл-Жаузия өзінің бір сөзінде:
- Күнәлардың зиян тигізетіні сөзсіз. Және оның жүрекке тигізетін зияны удың өз дәрежесіне қарай денеге тигізетін зияны сияқты. Бұл дүние немесе ақыретте болсын адамдарға жолығатын жамандық пен ауырулардың көбісінің себебі осы күнәлар емес пе? Ойланшы, Адам ата мен Хауа анамызды Жаннаттан шығарған не нәрсе? Сондай бір ләззаттар мен нығметтердің, қуаныштар мен рахаттардың жайы балған Жаннаттан уайым-қайғы мен қиыншылық, сынақтардың жайы болған бұл дүниеге оларды не нәрсе түсірген еді?
Ал Ібілістің Аллаһтың рахметінен алыстатылып, лағнетке ұшырап, оның ішкі-сыртқы дүниесінің қорқынышты да, ұсқынсыз бейнеге айналып аспан иеліктерінен қуылуына не нәрсе себеп болған еді? Иә, ол Ібілістің жақындықтан алыстыққа, рахметтен лағнетке, сұлулықтан ұсқынсыздыққа, Жаннаттан Тозаққа, иманнан күпірлікке, Раббысына болған достығынан дұшпандыққа, ұлықтау, пәктеу сөздерінен өтірік пен қиянатқа, серік қосушылық пен жаман жаққа, сауапты істерден күнәларға өтуіне себеп балған нәрсе ол – күнә. Соның салдарынан ол Аллаһтың шексіз мейірімінен алыстап, қатты азабына душар болды. Және бүкіл кәпірлер мен серік қосушылардың, парасатсыз пасықтар мен күнәһар жасықтардың басшысына айналды. Аллаһтың әмірлерін атқармай, тиымдарынан тиылмай Оның рахмет назарынан махрұм қалып, қор болудан Аллаһтың өзі қорғасын!
Және кешегі Нұх пайғамбар қауымының ешбір құтқарушы таба алмай, топан су астында қалып өлім қауышуларына не нәрсе себеп болған еді?
Ал үстерінен жеті түн, сегіз күн тұрған жойқын желден жойылып кеткен Ғад елінің сондай үрейлі азапқа душар болуларының себебі неде?
Ащы дауыстан кеуделеріндегі жүректері тоқтап өлген Самуд елінің жойылуына не себеп? Періштелер жоғары аспанға көтеріп, кейін аударып жермен жексен етілген Лут қауымының зардабы неден? Төбелеріне қорқынышты бұлт шоғырланып, сол бұлттан үстеріне от жауып қырылған Шұғайып қауымының қасіреті неден? Кеше “Мен құдаймын” деген Ферғауынды және оның жойқын әскерін теңіз астына шөктірген нәрсе не еді? Ал байлығына мастанып, Құдайын ұмытқан Қарунның малымен, жанымен, үй-жайымен жерге жұтылуына себеп болған нәрсе не еді? Және Кітап түсірілген қауым яһудилердің бастарынан бірнеше азаптарды өткізіп, тіпті кейбір тайпаларының маймылға, шошқаға айналуларының салдары неде? Иә, Нух пайғамбардан кейін қаншалаған қауымдар өтті? Олардың қаншасы азаптарға душар болды? Не себептен? Әлбетте бәрі күнәнің себебінен!
Сөзсіз әрбір күнәнің ішінде азап бар. Егер кімде-кім сол күнәні жасаса және сол күнәлі істен бас тартып тезірек тәубе жасамаса, онда ол күнәнің қасіретті зардабы оған міндетті түрде айналып соғары сөзсіз. Бірақ, өкінішке орай, Құдайын ұмытып жасаған күнәні Құдай да ұмытады – деп ойлап, алданып жүргендер қаншама? Ал ақиқатта Аллаһ еш нәрсені ұмытпайды. Муса пайғамбар ғалайһиссалам қасиетті Құранда Аллаһты былай деп сипаттаған:
Менің Раббым жаңылмайды да, ұмытпайды” (Таһа:52) Толығырақ »

Наурыз 1, 2008 Жазған: Abu Muxsin | Ислам | , , | 4 Пікір