Zhandos's Weblog

Мұхамеджан Тазабеков: МЕН МҰСЫЛМАНМЫН, ӘРІ ҚАРА ТҰЯҒЫМА ДЕЙІН ҚАЗАҚПЫН

– Мұхамеджан, сіз жөнінде жұрт­­тың білгісі келетін бір сұрақ бар. Айтысқа неге шықпайсыз?
– Мен айтысқа өте жас кел­дім. Он үш жасымда қолыма домбырамды алып, сахнаға шығып, ал он бес жасымда үлкен ақын­дармен айтысып, рес­пуб­лика көлеміндегі жыр додасында жүлдегер атандым. Және бірден нәтижелі айтыс көрсетіп, қатарға ертерек қосылып кеттім. Айтыста өзім­нің жолымды салдым. Бірақ мен айтыспен қош айтысқан жоқ­пын. Адам өзінің рухани жаң­ғыру, түлеу және шыңдалу ке­зеңдерінде жұрттың алдына көп шыға бермеуі мүмкін. Сон­дық­тан айтысқа шықпай жүр­гені­ме соншалықты үлкен себеп жоқ. Әлі де айтыстың төңірегінде­мін. Жас ақындардың басын бі­рік­тіріп, оларға бас-көз болып, жол көрсетумен айналысып жүр­мін. Негізі мұсылманшылық жол­ды тереңірек ұстанып, үйре­ніп, білім алып жүргендіктен, уа­қы­тымның көбі осы жолға жұм­салып жатыр. Өзімнің ақындық қа­білетімді, шығармашылық мүм­кіндіктерімді пайдаланып, мұ­сылмандық өлең жазып, уа­ғыз-насихаттар жүргізіп жүрген жайым бар.
– Менің бір байқағаным, соң­ғы уақыттарда дінді ұстан­ған­дар­дың басым бөлігі сахнадан қол үзіп жатыр. Аузы дуалы ақын­да­ры­мыздың бірі Шорабекті айтыс­тан көре алмай дал болдық. Ал Бекболаттың дауысын қаншама қа­зақ сағынды. Сізді де осы топқа қосу­ға болады. Жаңа «уағыз-на­сихат жасап жүрмін» дедіңіз. Не­ге осы уағызыңызды сахна арқы­лы, өнеріңізбен әрлеп жеткіз­бес­ке? Қайта сахнаның күшімен ха­лықты ұйытуға болады ғой.
– Өнерде толыққанды жүру оңай емес. Көп жағдайда орта өз әсе­рін қалдырмай қоймайды. Уа­қытың пайдасыз іске көп жұм­­салады. Жалпы, айтысқа, өнер­ге дін ешқашан тыйым сал­ған емес.
Алланың берген қасиеті поэ­зия өте құдіретті өнер. Бұл өзі қан­жар іспеттес. Пышақпен нан турау­ға да, кісі өлтіруге де бо­ла­ды. Сол сияқты өлеңнің күшімен жақ­сылықтың да нұрын шашуға жә­не жамандықтың уытын да та­ратуға болады. Құранда 114 сүре бол­са, оның біреуі ақындарға ар­налған «Шұғара» сүресі. Сол сүре­де «ақындарға азғындар ғана ере­ді, бірақ олардың иман кел­тір­­гені басқа» деген жолдар бар. Яғни, ақындар Алланың берген қа­сиетінің арқасында соңынан ха­л­ықты ертіп, сөзіне иландыра ала­ды. Бірақ қазір «құбылаңа тү­кір­дім!» деп немесе Аллаға, Пай­ғам­бар­ға қарсы күпір сөз айтып, өлең жа­зып жүргендер де бар. Мұн­дай­лар халыққа қасиетсіз ұғымдарды сіңіреді. Кейбір ғалым деп жүрген аға­ларымыз «неге мешіттер көп са­лы­нып жатыр?», «неге жастардың б­әрі намазхан боп кетті?» деп, кей­бір мінбелерден орынсыз сөз ай­тып, мәселені басқа жақтан іздей­тін сияқты. Мәселен, мен Париж сах­насында өткен жыр додасында ай­тысқым келген. Жүрсін ағам екеуміз Париж төрінде иман­ды­лық айтысын өткізейік деп ұйғар­ған­быз. Бірақ кезінде маған қам­қор болған үлкен ағаларымның бі­рі «Мұхамеджан сақалымен сах­на­ға шығатын болса, айтыспай-ақ қой­сын» деп, жолыма тосқауыл бол­ды.
– Сол Париж сахнасында өткен айтыста «Дін ислам – діңгегім» де­ген толғауыңызды оқыған кезіңіз­де, көздеріңізден сахнаға деген са­ғынышты байқадым. Халықтың іл­типатын әбден сағынып қалған сияқ­тысыз… Толығырақ »

Наурыз 24, 2008 Жазған: Abu Muxsin | Ислам | , , , , , , | 5 Пікір

Абайлаңыз! ХАРИЖИТТЕР

information_items_1174465555.jpgХАРИЖИТТЕР

және

олардың идеологиясы 

«Ізгі амалдар етуге асығыңдар. Ақиқатында айсыз тастай қараңғы түн сияқты,Бұліктер заманы келеді. Ол заманда, адам таңда иманды болып, кешке кәпір немесе кешке иманды болып, таңда кәпір болады. Өзінің дінін азғантай дүниеге сатады». 

Абайлаңыз! 

Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын!Шынында барлық мақтау Аллаһқа ғана тән, біз Оны мадақтаймыз, әрі Одан ғана жәрдем тілейміз, әрі Одан кешірім сұраймыз! Сондай-ақ, біз өз нәпсіміздің және іс-әрекетіміздің кесірінен Оған ғана сыйынамыз. Кімді Аллаһ хақ жолға салса, оны ешкім де бұл жолдан адастыра алмайды. Ал енді кімді адастырса, оны ешкім де хақ (тура) жолға сала алмайды. Ешқандай серігі болмаған, жалғыз Аллаһтан басқа ешбір құлшылыққа лайықты тәңір жоқ екендігіне куәлік беремін және Мұхаммед,оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Аллаһтың құлы әрі Оның елшісі екендігіне куәлік беремін.Шын мәнінде, біздің уақыт – ұлы Бұліктер мен сынақтар уақыты, көптеген мұсылмандардың жүректерінде дін негіздері шайқалған уақыт. Осман ибн Аффанның өлтірілуінен бастап, бүгінгі күнге дейін біздің үмметімізде болып жатқан Бұлік пен бөлінудің бірден-бір себебі -мұсылмандардың заңды басшыларына қарсы көтеріліс пен Бұліншілік жасауы.Шынайы білімге ие болған ғалымдар, басшыларға қарсы шығу мәселесін егжей-тегжейлі түсіндіріп, Аһлі сүннет уал-жамағаттың бұл мәселеге деген көзқарасын айтып өткен.Исламдағы ең алғашқы діни жаңалықты (бидғатты) харижиттер ағымы енгізді. Олардың пайда болуы туралы Сүннетте ескертпелер бар.Харижиттердің бұлай аталуы, олардың осы үмметтегі ең жақсы адамдарға (сахабаларға) және мұсылмандар жамағатымен бір ауызды сайланған басшыларға қарсы («хуруж») шыққандықтарынан.Аһлі сүннет уал-жамағат жолын ұстанушылар харижиттердің дінге жаңалық әкеліп, мұсылмандардың бірлігін шайқалтқан адасқан ағым өкілдері екендігіне бір ауыздан келіскен.Қай уақытта адамдар арасында харижиттік пікірлер мен көз қарастар пайда болса, білім иелері мұсылмандарды Аллаһ жолына шақырып, харижиттердің адасуын түсіндіруді міндет деп есептеген. Өкінішке орай, көптеген мұсылмандар, өз білімсіздіктері салдарынан, харижиттік сипаттардың кейбіреулері бойларында бар екенін байқамай жүр.

Харижиттердің сипаттары

1. Олар мұсылмандарды үлкен күналары үшін күпірлікте айыптайды Толығырақ »

Наурыз 22, 2008 Жазған: Abu Muxsin | Ислам | , , , , , | 5 Пікір

Күнәлар әсері

  Мейірімді де Рахымды Аллаһтың есімімен бастаймын.Барша мақтау бүкіл әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән. Және Аллаһтың игілігі мен сәлемі Оның елшісі Мухаммедке болсын.
Біз бұл тақырыбымыздың астында күнәлардың жекелеген адам мен қоғамға тигізетін әсерлері жайында айтып өтпекшіміз. Имам Ибн Қайим Әл-Жаузия өзінің бір сөзінде:
- Күнәлардың зиян тигізетіні сөзсіз. Және оның жүрекке тигізетін зияны удың өз дәрежесіне қарай денеге тигізетін зияны сияқты. Бұл дүние немесе ақыретте болсын адамдарға жолығатын жамандық пен ауырулардың көбісінің себебі осы күнәлар емес пе? Ойланшы, Адам ата мен Хауа анамызды Жаннаттан шығарған не нәрсе? Сондай бір ләззаттар мен нығметтердің, қуаныштар мен рахаттардың жайы балған Жаннаттан уайым-қайғы мен қиыншылық, сынақтардың жайы болған бұл дүниеге оларды не нәрсе түсірген еді?
Ал Ібілістің Аллаһтың рахметінен алыстатылып, лағнетке ұшырап, оның ішкі-сыртқы дүниесінің қорқынышты да, ұсқынсыз бейнеге айналып аспан иеліктерінен қуылуына не нәрсе себеп болған еді? Иә, ол Ібілістің жақындықтан алыстыққа, рахметтен лағнетке, сұлулықтан ұсқынсыздыққа, Жаннаттан Тозаққа, иманнан күпірлікке, Раббысына болған достығынан дұшпандыққа, ұлықтау, пәктеу сөздерінен өтірік пен қиянатқа, серік қосушылық пен жаман жаққа, сауапты істерден күнәларға өтуіне себеп балған нәрсе ол – күнә. Соның салдарынан ол Аллаһтың шексіз мейірімінен алыстап, қатты азабына душар болды. Және бүкіл кәпірлер мен серік қосушылардың, парасатсыз пасықтар мен күнәһар жасықтардың басшысына айналды. Аллаһтың әмірлерін атқармай, тиымдарынан тиылмай Оның рахмет назарынан махрұм қалып, қор болудан Аллаһтың өзі қорғасын!
Және кешегі Нұх пайғамбар қауымының ешбір құтқарушы таба алмай, топан су астында қалып өлім қауышуларына не нәрсе себеп болған еді?
Ал үстерінен жеті түн, сегіз күн тұрған жойқын желден жойылып кеткен Ғад елінің сондай үрейлі азапқа душар болуларының себебі неде?
Ащы дауыстан кеуделеріндегі жүректері тоқтап өлген Самуд елінің жойылуына не себеп? Періштелер жоғары аспанға көтеріп, кейін аударып жермен жексен етілген Лут қауымының зардабы неден? Төбелеріне қорқынышты бұлт шоғырланып, сол бұлттан үстеріне от жауып қырылған Шұғайып қауымының қасіреті неден? Кеше “Мен құдаймын” деген Ферғауынды және оның жойқын әскерін теңіз астына шөктірген нәрсе не еді? Ал байлығына мастанып, Құдайын ұмытқан Қарунның малымен, жанымен, үй-жайымен жерге жұтылуына себеп болған нәрсе не еді? Және Кітап түсірілген қауым яһудилердің бастарынан бірнеше азаптарды өткізіп, тіпті кейбір тайпаларының маймылға, шошқаға айналуларының салдары неде? Иә, Нух пайғамбардан кейін қаншалаған қауымдар өтті? Олардың қаншасы азаптарға душар болды? Не себептен? Әлбетте бәрі күнәнің себебінен!
Сөзсіз әрбір күнәнің ішінде азап бар. Егер кімде-кім сол күнәні жасаса және сол күнәлі істен бас тартып тезірек тәубе жасамаса, онда ол күнәнің қасіретті зардабы оған міндетті түрде айналып соғары сөзсіз. Бірақ, өкінішке орай, Құдайын ұмытып жасаған күнәні Құдай да ұмытады – деп ойлап, алданып жүргендер қаншама? Ал ақиқатта Аллаһ еш нәрсені ұмытпайды. Муса пайғамбар ғалайһиссалам қасиетті Құранда Аллаһты былай деп сипаттаған:
Менің Раббым жаңылмайды да, ұмытпайды” (Таһа:52) Толығырақ »

Наурыз 1, 2008 Жазған: Abu Muxsin | Ислам | , , | 4 Пікір