«ВАЛЕНТИНКА?» – «ЖОҚ, РАХМЕТ, МЕН МҰСЫЛМАНМЫН!»
аударма авторы: Илияс Сырым (жорналшы)
Ақпан жақындаған сайын, дүкеншелер мен базарлар қызыл-сары жүрекшелерге, «Қасиетті Валентин күнінің» тойлануы үшін қолданылатын ленталар мен басқа да түрлі-түсті заттарға толып қалатынына да көз үйренді. Алайда, бұл жасанды мерекенің қазаққа қаншалықты жақындығы және қажеттілігі бар еді деген ой – ақылды адамды бейжай қалдырмайтыны да шындық.
«Валентин күнін» тойлау дәстүрі жартылай шын, жартылай жалған деректерге негізделген. Дегенмен, бүгінгі біздің қоғамымызда бұл күн адамдар бір-біріне деген сезімін ашық әрі белсенді түрде жариялайтын, өзге жыныстағылар ел арасынан өздеріне жаңа серіктер мен жолдастар таңдайтын, сондай-ақ өзге жыныстағы біреуге өзінің сезім құштарлығы жайлы жазып, әр түрлі открыткалармен алмасатын мерекеге де айналды. Алайда, бұл түрлі-түсті көңіл көтеру Исламның қағидаларымен және ата-бабаларымыз насихаттап келген моральдық құндылықтармен сәйкес келмейді. Санасы ояу ата-аналар бұл мереке жақындаған сайын қынжылады. Өйткені олар өз балаларының түпкі негізі ар-ұжданға және әдептілікке қайшы келетін жеңілтек сезімге беріліп көңіл көтеруін және тәрбиелік мәні мүлдем жоқ осындай төмен деңгейлі мерекелерге қатысуын қаламайды. Мұсылман адам махаббат сезімін біреуге білдіру ісіне жеңіл қарамауы қажет, ол өзінің жүректен шығатын ыстық сезімін болашақта отбасын құруға, және де өзінің адал жарына сақтап жүруі тиіс.
Осы орайда, өзін мұсылман санайтын ата-аналар түгелімен коммерциялық сипатқа ие болып кеткен осы «мерекенің» рәміздері – открыткаларға, сувернирлерге бостан-босқа ақша шашудың орнына, бұл жалған салтанаттың өз балаларының рухани дүниесіне қаншалықты кері әсерін тигізетіні туралы ойланса, абзал болар еді. Валентин күні жәй ғана «ешқандай зияны жоқ» деп айта салатын мереке емес. Жоқ! Тіптен олай емес! Егер сенбесеңіздер, жақын жердегі «валентинка» сататын орынға барып көріңіз! Ол жерде сіз жай қарапайым ғана деп санап жүрген «Мен сені сүйемін!» деген открыткаларды ғана емес, сексуалдық сипаты сыртына шығып тұрған, ұяттан жұрдай «Ты мой, я – твоя!», «Мой страстный!», «Я помню первый поцелуй!», «Зайчик мой!», «Я не забуду наше первое свидание!» сияқты және соларға ұқсас мәтіндегі открыткаларды таба аласыз! Ал оларды бір-біріне сыйлап жатқан – мына біздің бауыр етіміз болған балаларымыз, намысымыздың бір бөлігі болуға тиіс әпке-қарындастарымыз, арам пиғылдардағылардың қиянатынан біз қорғауға тиісті болған аға-інілеріміз, тіпті біздің ата-аналарымыз. Таң қалдырарлық бір жағдай: анамыздың жұмыс орнындағы әріптесі оған «Сен ең әдемі әйелсің!» деп «валентинка» сыйласа, әкелеріміз намыстанбайтын да ренжімейтін де болған. Тіпті қызғанбайды да. «Онда тұрған не бар дейсің, мереке ғой! Барлығы солай жасап жатыр!» – деп жүретін еркексымақтар да ортамызда аз емес. Алайда, Пайғамбарымыз: «Әйелін бөгде еркектерден қызғанбайтын еркек жәннәттің исін де сезбейді!» деп ескерткенін еске салған жөн. Тіпті «Мен қызғаншақ емеспін!» – деп мақтанатын еркектер, «Менің күеуім қызғаншақ емес» – деп мақтанатын, «ар-намыс» деген ұғымды тек байлық немесе мәртебемен байланыстыратын, бір-бірінің жолдастарымен, тіпті олардың ұл-қыздарымен құшақтасып би билеп жүретін әйелдер мен еркектер айналаны арам шөптей қаптап кеткелі көп жылдардың жүзі болды. Оларда болашақ ұрпаққа нендей өнеге, нендей үлгі-насихат бар? Қазақтың басына да түскен СПИД, нашақорлық, жезөкшелік, зинадан бала туып тастап кету сияқты қоғамдық дерттеріміздің негізінде осындай, алғаш қарағанда еш зияны жоқ сияқты болып көрінетін, ұлттық менталитетімізге, мұсылмандық болмысымызға жат қылықтарды насихаттау жатыр емес пе?…
Ойланып қарасақ, бұның астарында адам мен қоғамды аздыруға, рухани және ұлттық құндылықтарды жоюға бағытталған жүйелі тәсіл жатқанын анық байқаймыз. Өкінішке орай, қоғамымыз мұны үн қатпай қабылдап, бойына сіңіріп үлгерді. Бұл тәсіл адамның достық, махаббат деген ұғымдарға жеңіл-желпі қарауынан туындайтын болашақ отбасылық өмірінің құлдырап бұзылуына соқтыруы мүмкін.
Ал, біздің ислам дініміз адамдар арасындағы өзара махаббат Аллаһ Тағаланың разылығы үшін ғана болуын және Оның заңдарының шеңберінен шықпауын бұйырады. Аллаһ үшін біреуді жар ретінде сүйген адам оған қиянат та, зұлымдық та, опасыздық та жасамайды. Өйткені, Аллаһтан қорқатын адам әрбір ниеті мен амалы үшін ахиретте Аллаһ алдында жауап беретіндігіне кәміл сенеді.
Ал, енді Валентин күнінің шығу тарихына көз жүгіртсек, бұл мереке ежелгі көпқұдайшыл Рим қауымынан бастау алады екен. Римдіктерде 14 ақпан күні тойланатын өздері ойлап шығарған барлық құдайлардың ханшайымы – жер құдайына арналған мереке бар болатын. Ал 15 ақпан күні олар шопандар мен үй жануарларының қамқоршысы деп саналатын бұттарға арнап, тағы бір мерекені атап өтетін еді.
Осы мерекелер барысында орындалатын бір рәсім мына төмендегідей екен: әйелдер өз аттары жазылған қағазды бір қораптың ішіне тастайды. Әрбір еркек келіп қорапқа қолын сұғып аты жазылған қағазды тартып шығарады да, өзіне бір мерекелік серік таңдап алады екен. Бұл рәсім ұрпақ жалғастыру, яғни сексуалдық мәнге ие болған. Толығырақ »
-
Мұрағат
- Қараша 2009 (1)
- Қыркүйек 2009 (1)
- Тамыз 2009 (8)
- Шілде 2009 (2)
- Маусым 2009 (7)
- Мамыр 2009 (1)
- Қаңтар 2009 (3)
- Желтоқсан 2008 (1)
- Қараша 2008 (1)
- Тамыз 2008 (1)
- Шілде 2008 (1)
- Мамыр 2008 (1)
-
Категориялар
-
RSS
RSS жазулар
RSS пікірлер


