Зікірлер
Ассаламу ғалейкум, құрметті дін-қарындас бауырлар! Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өзі күнде орындаған осынау зікірлердің бұл күнде біз үшін де маңызы зор. Бүгін біз осы зікірлерді өмірде күнделікті қолдана білуіміз қажет. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):«Алланы еске алушы мен еске алмаушының арасындағы айырмашылық – өлі мен тірінің мысалындай», – деп айтқан екен. Бұл зікірлерді айту ауырлық келтірмейді. Ал, оны күн сайын орындаған адамдардың Алла алдында мәртебесі артады. Алла алдында аз да болса, ұдайы жасалатын амал – көп болып, кейіннен тоқтап қалған амалға қарағанда жоғары бағаланады. Егер, төмендегі екі шарт сақталынбай жасалса, амал – Аллаһтың алдында қабыл болмайды: 1. Ықылас: (амалды Аллаға ғана беріліп атқару). 2. Сүннет: (амалды Пайғамбар (с.ғ.с.) үйреткендей етіп орындау).
|
ЗІКІРЛЕР |
МАҒЫНА-ТҮСІНІГІ |
МӘРТЕ |
САУАП ДӘРЕЖЕСІ |
|
لاَ إِلَهَ إِلا اللهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ. لَهُ الْمُلْكُ وَ لَهُ الْحَمْدُ وَ هُوَ عَلَى كُلﱢ شَيْءٍ قَدِيرٌ. |
Ләә иләәһә илляллаһу уахдаһу ләә шәрикя ляһу ляһуль-мульку уә ляһуль-хәмду уә һуә ‘аля кулли шәй-ин қадиир // Алладан басқа құлшылық қылуға лайық ешбір құдай жоқ. (Мейлі, ол періште болсын, пайғамбар болсын, ғұлама-ғалым, әулие болсын сыйынуға болмайды. Дұға-тілек, құрбандық шалу, қорқу (жыртқыш аңнан қорқу секілді табиғи түйсіктен туған үрей, ол басқа), жарылқану сұрап жалбарыну, намаз т.б. амалдар құлшылыққа жатады). Ол жалғыз әрі Оның серігі жоқ (ешқандай). Мүлік Оған тән және Ол барлық мақтауға лайық. Сондай-ақ, Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді. |
100 |
1. Он құлды азат еткенмен бірдей.2. Жүз сауап жазылады.3. Жүз күнәні жуады (өшіреді).4. Күні бойы шайтаннан қорған болады. |
|
سُبْحَانَ اللهِ وَ بِحَمْدِهِ |
Субхәннәллаһи уә бихәмдиһи // Алла (кемшілік атаулыдан) пәк және Ол барлық мақтауға лайық. |
100 |
Аспан мен жердің арасын толтырады. |
|
أَسْتَغْفِرُ اللهَ وَ أَتُوبُ إِلَيْهِ |
Әстәғфируллаһә уә әтуубу иләйһи // Алладан жарылқау тілеймін әрі Оған тәубе етемін |
100 |
Күнәлар кешіріледі. |
|
اَلْحَمْدُ للهِ |
Әльхәмдулилляһи // Аллаға мадақ, Аллаға шүкір (қуанышта да, қайғыда да). |
|
Ақыретте таразыны толтырады |
|
اللهُمﱠ صَلﱢ عَلَى مُحَمدٍ وَ عَلَى آلِ مُحَمدٍ |
Аллаһуммә салли ‘алә Мухаммадин уә ‘алә әәли Мухаммад // Иә, Алла! Мұхаммедке (с.ғ.с.) әрі оның үй-ішіне игілік бер. |
|
Кім мұны бір рет айтса, Алла оны он есе артық рақымына бөлейді. |
|
قِرَائَةُ الْقُرْآنِ الْكَرِيمِ |
Құран оқу (күніне кемі бір пара). |
|
Әр әрпіне он сауап жазылады. |
|
اَلْبَقَاءُ فِي الْمَسْجِدِ بَعْدَ صَلاَةِ الْفَجْرِ إِلَى الإِشْرَاقِ |
Таң намазын орындағанан кейін күн шығып жүзі көрінгенше зікір етіп, мешітте қалу. |
|
Қажылық пен Умра орындағанмен тең. |
|
صَلاَةُ الضُحَى |
Духа намазы (күн шыққан соң бір-екі сағаттан кейін оқылатын нәпіл намаз).Алла Тағала әрбір пендеге күн сайын 360 садақа беруді жүктеді. |
2-12 ракағат |
2 ракағат етіп оқу 360 садақаға тең. |
Құрметті дін-қарындас бауырлар! Дұғаның қабыл болатын белгілі бір мерзімдері мен орындары бар екенін біле жүргеніміз абзал. Олардың бірқатарлары:
1. Қадір түні. 2. Түннің үштен бір бөлігі қалған таң атардың алды. 3. Сәждеде (намаз оқу кезінде). 4. Арафатта (қажылық кезінде). 5. Ораза кезінде (әсіресе ауыз ашар алдында). 6. Жұма күні. 7. Азан мен қамат арасында. 8. Намаздың соңғы отырысында (салауаттан соң) сәлем алдында. 9. Парыз намазынан соң. 10. Сапар кезінде. 11. Жаңбыр мен қар жауып тұрғанда. 12. Әтештің дауысы естілгенде. 13. Сафа мен Маруада (қажылық пен умра кезінде). 14. Ата-ананың балаға, баланың ата-анаға тілеген тілегі. 15. Зұлымдыққа тап болғанда. 16. Зәмзәм суын ішерде (әсіресе денсаулық тілесе).
Сондай-ақ, дұға ету әдептерін сақтау ләзім. Оның ішінде:
1. Аллаға ғана ықылас арнап сұрау. 2. Алла ғана тілегімді береді деп кәміл сену. 3. Дәретті болу. 4. Дұғаны Аллаға мадақ, Пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат айтып бастау және аяқтау. 5. Харам ас пен харам істен сақтану. 6. Құбылаға бет қарату. 7. Екі қолды көкке көтеріп, алақан жаю. 8. Алланың көркем есімдерін ортаға қойып тілеу. 9. Дұғаның қабыл болу уақыттары мен орындарына сәйкес сұрау. 10. Тілекті үш қайтара айту. 11. Алла алдында қажеттілік пен мұқтаждықты сезініп тұру. 12. Мүмкін еместі сұрамау. 13. Өзгелерден бұрын өзіңе тілеу. 14. Шын көңілмен тілеу. 15. Дұғада әдептілік шегінен шықпау. 16. Харам және күнәлі нәрсені сұрамау. 17. Жалықпай тілеу. 18. Басына күн туғанда ғана емес, барлық уақытта да Алла Тағаланы еске алып, дұға ету. 19. Дұға қабыл болмады деп асықпау. 20. Дұғада ширк амалы болмау. 21. Аят пен хадисте көрсетілгендей етіп дұға ету.
Кім осы ұсынылған ізет-парағындағы ізгі сөздерді іске асырса, онда ол Алланы ұдайы еске алушылар қатарынан табылатын болады. Сондай-ақ, ол Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетін берік те бекем ұстанған берекелі жанға айналады. Аса жоғары Алла Тағала ақырет күні бәрімізге осы ізгілікті істің игілігін көру бақытын жазсын! Алла Тағала бәріміздің күнәларымызды жарылқасын! Бізді тозақ отының азабынан құтқарып, жәйімізді жәннаттан нәсіп етсін!
Аллаға мадақ! Ол күш-құдірет, билік және ұлылық иесі. Барлық жақсылық Оның қолында. Иә, Алла, Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.), оның үмбетіне және ақырет күніне дейін оның артынан ергендерге игілік бер!
Шорабек Айдаров
2 Пікір »
Пікір жазыңыз
-
Мұрағат
- Қыркүйек 2009 (1)
- Тамыз 2009 (8)
- Шілде 2009 (2)
- Маусым 2009 (7)
- Мамыр 2009 (1)
- Қаңтар 2009 (3)
- Желтоқсан 2008 (1)
- Қараша 2008 (1)
- Тамыз 2008 (1)
- Шілде 2008 (1)
- Мамыр 2008 (1)
- Наурыз 2008 (3)
-
Категориялар
-
RSS
RSS жазулар
RSS пікірлер


Әссәләму ъалейкум, Жандос! Сауапты іске үлес қосқаның үшін Алла разы болсын! Жоғарыға материалды орысшадан аударып әзірлеген кісіні жазып қойсаң болады, Шорабек Айдаров, деп.
uaaleikum assalam uaraxmatullah
raxmet avtorin aitqanin’izgha. qalghandarinin’ da avtorlarin bilsen’iz aitarsiz.