Zhandos's Weblog

Жандостың жазғаны

Жаз жақындады… Жалаңаштардың жағдайы жанды жегідей жеп жүр. Жан-жағымызды жартылай жалаңаш – жарымжандар жайлаған, жабайылардың жанында жүргендейміз. Жартылай жалаңаштыққа желігу жақсылыққа жет-кізбейді. Жалпы, жұрттың жамалының жалаңаштығынан жанының жалаңаштығы жаман.Жаратушының жақсылықтарынан жиреніп, жануардан жаман жүгенсіздік жолымен жүру жамандықтың жегіне жеткізді.

Жалаңаштану – жезөкшелік жолы. Жартылай жалаңаштануға жандары жақындар – жамандыққа жандары жақын жандар.

Жалаңаштанудан жиренбейтіндердің жанын жындар жайлағандай…

Жақсы жандар “жылтырағын” жылтыратып жарнамаламай жамалын жамылғымен жасырады. Жүрегіне Жаратушының жылуы жеткен жандар жәннәтта жадырайды. Жанын жене жамалын жалаңаштағандар жеһеннемда жазаланады. Жәһәннәмнің жалыны жүзін жапқанда, жалғандағы жымысқылықтары жене жақсы-лықтан жырақтап, жамандыққа жақын жүруі жанын жегідей жеп, жалындағы жанып жатқан жүйкесін жұқартады.

Жақсылық-жамандықтың жағдайын жастарға жеткізу жауапты жүк. Жалпы жағдайымыз жан жылатарлық. Жанымызға жылу жетпейтіндей… Жақсылықтан жүрдай жандар жан-жағымызды жайлап жүр. Жанымызға жылу жинаудан жасқануымыз жақсылыққа жатпайтын жағдай. Жақсылықтың жолында жұмылмасақ жүгенсіздікке “жүгенделіп”, жалаңаштықпен жанымызды жаралап, жанымызды жанып жатқан жалынға жібергеніміз.

Жабайылардың жамандығын жанымызға жолатпай, жақсылардың жолымен жүрейік. Жастарымызды жалаңаштық жолына жібермейік! Жөн жүрсек жиыламыз, жұртымыз! Жөн жүрмесек жырымдаламыз.

Жақсылықты жандарыңызға жеткізуге жұмыс жасадық. Жақсылыққа жорып, жандарыңызға жылу жинап, жүректі жібітудің жолына жөнелсеңіздер жақсылыққа жетесіздер!

Жаратушымыз жүрегімізді жақсылыққа жұмылдырып, жамандықтан жырақтатсын!

ЖАЛАҢАШТЫҚТАН ЖЫРАҚТАМАЙЫНША ЖҰРТЫМЫЗҒА ЖАҚСЫЛЫҚ ЖОҚ!

Жанашырларыңыз – Жандос.

ps

Мынау менің жазғаным емес :) Жандос деген басқа бір бауырымыздікі

Қаңтар 26, 2008 - Жазған: Abu Muxsin | Ислам, жайжай, анау-мынау | , | 9 Пікір

9 Пікір »

  1. Керемет екен

    Comment жазған Лесхан | Қыркүйек 9, 2008 | Жауап

  2. Ассалямуалейку,Жандос!Жалпы,жазған пікіріңізден не айтпақ болғаныңыз тайға таңба басқандай керемет көрініп тұр!МашАллаһ,ниетіңізге жетіңіз!!!

    Comment жазған Galia | Ақпан 20, 2009 | Жауап

  3. уа алайкиссалям уарахматуллаһи уабаракаатуһ
    төмендегі ps-ті көрсеңіз, бұл менің жазғаным емес :) басқа бір Жандос деген бауырымыздікі

    Comment жазған zhandos | Ақпан 20, 2009 | Жауап

  4. Қайырлы күн!Қандай Жандос ағамыз жазса да,айтарым сол.Алланың нұры жаусын!!!

    Comment жазған Galia | Ақпан 22, 2009 | Жауап

  5. амин

    Comment жазған zhandos | Ақпан 22, 2009 | Жауап

  6. Ассаламуалайкум, Жандос, бауырым! Мәша Аллаһ! Керемет шыққан екен! Қаламың ұштала берсін,Аллаһ қуат беріп, білімің арта берсін!

    Comment жазған Ғалымжан | Мамыр 18, 2009 | Жауап

    • уаалайкумуссулям уарахматулла. жогарыда айтканымдай. мен Жандос емес буны жазган ))

      Comment жазған zhandos | Мамыр 18, 2009 | Жауап

  7. Ассалаумағалейкум мұсылман бауырлар кешкі сағат 22:00 де http://salih.ucoz.ru ға форум бөліміне пікір таласқа шақырамын ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИСЛАМ ДІНІНІҢ ДАМУЫНА НЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРЕДІ. атты тақырыпқа пікір білдіріңіздер. Жәзакаллаһу хайран уа Бәрәкаллаху фикхум.

    Comment жазған abdu alim ospan | Мамыр 24, 2009 | Жауап

  8. Абайлаңыз ағайын, арақ апатқа апарады!
    Арақты атасының аманатынан артық ардақтайтын, аузын арақтан ала алмай азып, абыржыған ағайынға арнау

    Атаның асын ардақтай алмай, азғындауға апаратын арақтан аса алмай, абдыруың абырой алдырмас. Алпыстан асса да аталар аманатын ақылға алмай, аузын азан айтуға арнай алмай, аманатты араққа айырбастаған ағайынға ақыл айтар аталар азайды. Ал Аллаһтың айтқанын ауызға алсақ: Арақ-арам. Ал арамның азы да арам, аздан арысы да арам! Арамды ауызға алған адам адамдықтың аулынан алыстайды. Ақиқатты айтқан адамға аңтарылып, абдырып алаятын адасушыға айтарым: арамнан аулақтамасаңыздар адамдықтың ауылы алыс. Ал адамдықтың ауылы алыстаса, ақылдан ажырап, ардан айрылып, ақиқаттан алыстайсыз. Аллаһтың атын ауызға алып, ақыл айтатын ауыздан ащы арақ аңқыса арты ағайындардың ардан айрылуына апарады. Ақыл айтар аталар азайғасын, аузына арақ алмаса айлап ауыратын аға-апаларымыз азғындауға айналды. Ал азғындаған адамның атын ардақтау-адамның адамшылығын азайтатын апат. Асылында, ақсақалдарды ардақтамау-артыдағыларға айып. Ал арам аталған арақтан аузын алмай азып, Аллаһтың алдында да, адамдар алдында да айыпты атанған аға-апаларды ардақтау артық па, анадайдан аулақтау абзал ма?! Аңдамасаңыздар, Аллаһтың алдына айдың аманында, ауырмай-ақ аттанасыздар. Ажал-ақиқат. Ал ардақты ағайын! Ақиқатқа арақтан арылып, ақжарқын, ақылды адамдарша аталарымыздың ақ аманатын арқалап аттанайық! Аталар аманатын ардақтамай, арақты ауыздарыңызға апарғаннан абырой алдыңыздар ма? Алсаңыздар айтыңыздаршы. Ақылыңның азып, ауруыңның асқынып, ата-анаңның алғысын ала алмай, айдалаға адасқаның-алжасқаның. Аллаһтың адамзатқа арналған аманаты ақыл арқылы амалға асады. Адамдыққа асықсаң, ақылды амалға асыр, ағайын! Жандос Нығыман. Астана. «Шапағат-Нұр» Ислам тану журналы. 5 саны. 2001 жыл.

    Comment жазған Жандос | Шілде 25, 2009 | Жауап


Пікір жазыңыз