Zhandos's Weblog

Үрей мен үміт

Қап-қара жалын тозақтан қорқам тозақтан
Сұп-суық хабар кеп жете ме деп сол жақтан
Шыжылдап майлар, сатырлап сүйек жанғанда
Лағнет айтып айтып бес күндік сынақ жалғанға
Ібілісті қарғап, түзу бір жолдан тайдырған
Азапқа ылайық мазаққа ғана сай қылған
Мың шақты емес миллион жылға айдалып
Қор болар ме екем қып-қызыл шоққа айналып
Адамның ұлы ем дүниеге мынау таралған
Дәрежемді айтсам періштеден артық жаралған
Бүгінде бірақ періште қайда мен қайда
Кім созар қолын мүшкілдеу біздің жағдайға
Бауырларым да, бала-шағам, дос, жекжатым
Шайқаспай беріліп шайтанға әскер боп жатыр
Бәріде дана бәріде көсем шетінен
Дәуірлеп дәурен сүруге мықтап бекінген
Ақырет қамын жасамай жүріп әлекпен
Алланың ұлы мейірімінен дәметкен
Сол оттан қорқам, тозақтан қорқам тозақтан
Көрмейді соны қазақтар біздің көзі аққан
Ағылған солай парақорлардын парады
Маскүнемің әне қолтығына қысқан арағы
Жемқорын анау отырған әрең тыныстап
Зинақорың жүр шоколад, шампан, гүл ұстап
Сопылар кетті Аллаға пірін серік қып
Зіркілдеп зікір салғандарыңнан зеріктік
Дымыңды білмес дүмшелер кетті молда боп
Құдайым оңда, әруағым өзің қолда деп
Сәуегей, балгер, тәуіптер кетті дес бермей
Құранның қатал ескертпелерінен сескенбей
Әр төмпешікті әулие санап асыға
Мәр-мәрдан өріп, кесене салдық басына
Қарасаң қайда ағыл да тегіл ысырап
Ысталды кеуде тәңір кәріне ұшырап
Өнерде жүрген сезімнің сансыз құлдары
Сендерде болдың тақ пенен даңқтың құрбаны
Ақын мен әнші серіліктен ептеп татса дәм
Оралың барда ойна-күл деп қақсаған
Жазушы қайтпек бауыры бүтін басы аман
Кейіпкерлердін тағдырын ойдан жасаған
Сан ғасыр бұрын бақилық болған кісінің
Қиялға еріп саламыз сурет мүсінін
Айтылған ғайбат сөздерге сөзсіз жауап бар
Саулайды тілден тірнектеп жиған сауаптар
Қалады ертен қарқ та қарқ, күлкі қалжының
Тозақта шөлдеп, ішкенді ыстық қанды ірің
Жегенің сонда тікенек тектес ас болса
Ата-анаңмен де алмайсын онда достаса
Шайтанға тозақ, жәннәттән оған үміт жоқ
Солқылдақтарды әкетіп жатыр үгіттеп
Сондықтан түскен төрт кітап, сансыз пайғамбар
Сақтаныңдар деп сайтани сауық сайраннан
Жаратушы өзі жөн сілтеп сені қорғаса
Азғырушыға қашқын келеді алдаса
Ғибадат түгел, құлшылық бүтін болмаса
Ниетім түзу жүрек таза деу далбаса
Раббына құл боп өмір сүргісі келмеген
Түсінбей қойдым тәкәппарсыған елге мен
Көз жұмып барып ел ішкен уды менде ішкем
Әдісі артық нәпсіні сонда жеңбестен
Сәл ерте білсем, сан соғып калмай оңбастан
Сәждеге мандай тигізбеспе едім он жастан
Құрышты судай қайнатқан пештен көп ыстық
Азаптан қорықпай әз-әзілдермен өбістік
Қимастай қызық хараммен жиған мал-мүлік
Сорлатар ма екен төзгісіз отта жандырып
Өртеніп жатып өлейін десем өле алмай
Өкірер ме екем өмірге екі келе алмай
Біз қайбір достар пайғамбар сынды асыл ек
Асығып аққан судаймыз, құмы, тасы көп
Шын мұсылман боп өте алмау сұмдық қасірет
Жәрдем бер Алла, жәнәтті бізге нәсіп ет. Әмин!

Қаңтар 24, 2008 - Жазған: Abu Muxsin | Ислам, Өлеңдер | , , , | 4 Пікір

4 Пікір »

  1. Блогыныз унады.Менинде жакында дин туралы блог ашкым келеди.Инша Аллах пикир алысармыз. Сая

    Comment жазған qyzyqai | Қаңтар 25, 2008 | Жауап

  2. inwallahu ta’ala )
    sosin awqasin aitasiz gho

    Comment жазған zhandos | Қаңтар 25, 2008 | Жауап

  3. Assalamu `alaikum!!!!
    Ахи нағыз осындай өлендер шумақтар керек еді, Джазакуму АЛЛАХУ хойрон!
    Ахи тағыда бар ма? Ақындардын өлендері?
    Мынау өлен кімдікі еді ұмытып қалып тұрмын Серіктікі шығар ? АЛЛАХУ УА АЛАМ!
    АЛЛАХ РАЗЫ БОЛСЫН СІЗГЕ!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

    Comment жазған Olzhas | Ақпан 23, 2008 | Жауап

  4. ua ‘aleikumussalam uaraxmatullah
    ia serik aghaniki bolu kerek
    bar ali. ozim erinip jurmin blogqa jan’a jazular engizuge
    sizge de
    iman.solai.de blogina kirip tur. sonda da jaqsi jazular wigharad. olender bar birwama

    Comment жазған zhandos | Ақпан 23, 2008 | Жауап


Пікір жазыңыз