Zhandos’s Weblog

االسلام عليكم

Мұхамеджан Тазабеков: МЕН МҰСЫЛМАНМЫН, ӘРІ ҚАРА ТҰЯҒЫМА ДЕЙІН ҚАЗАҚПЫН

Жазған zhandos уақыты Наурыз 24, 2008

– Мұхамеджан, сіз жөнінде жұрт­­тың білгісі келетін бір сұрақ бар. Айтысқа неге шықпайсыз?
– Мен айтысқа өте жас кел­дім. Он үш жасымда қолыма домбырамды алып, сахнаға шығып, ал он бес жасымда үлкен ақын­дармен айтысып, рес­пуб­лика көлеміндегі жыр додасында жүлдегер атандым. Және бірден нәтижелі айтыс көрсетіп, қатарға ертерек қосылып кеттім. Айтыста өзім­нің жолымды салдым. Бірақ мен айтыспен қош айтысқан жоқ­пын. Адам өзінің рухани жаң­ғыру, түлеу және шыңдалу ке­зеңдерінде жұрттың алдына көп шыға бермеуі мүмкін. Сон­дық­тан айтысқа шықпай жүр­гені­ме соншалықты үлкен себеп жоқ. Әлі де айтыстың төңірегінде­мін. Жас ақындардың басын бі­рік­тіріп, оларға бас-көз болып, жол көрсетумен айналысып жүр­мін. Негізі мұсылманшылық жол­ды тереңірек ұстанып, үйре­ніп, білім алып жүргендіктен, уа­қы­тымның көбі осы жолға жұм­салып жатыр. Өзімнің ақындық қа­білетімді, шығармашылық мүм­кіндіктерімді пайдаланып, мұ­сылмандық өлең жазып, уа­ғыз-насихаттар жүргізіп жүрген жайым бар.
– Менің бір байқағаным, соң­ғы уақыттарда дінді ұстан­ған­дар­дың басым бөлігі сахнадан қол үзіп жатыр. Аузы дуалы ақын­да­ры­мыздың бірі Шорабекті айтыс­тан көре алмай дал болдық. Ал Бекболаттың дауысын қаншама қа­зақ сағынды. Сізді де осы топқа қосу­ға болады. Жаңа «уағыз-на­сихат жасап жүрмін» дедіңіз. Не­ге осы уағызыңызды сахна арқы­лы, өнеріңізбен әрлеп жеткіз­бес­ке? Қайта сахнаның күшімен ха­лықты ұйытуға болады ғой.
– Өнерде толыққанды жүру оңай емес. Көп жағдайда орта өз әсе­рін қалдырмай қоймайды. Уа­қытың пайдасыз іске көп жұм­­салады. Жалпы, айтысқа, өнер­ге дін ешқашан тыйым сал­ған емес.
Алланың берген қасиеті поэ­зия өте құдіретті өнер. Бұл өзі қан­жар іспеттес. Пышақпен нан турау­ға да, кісі өлтіруге де бо­ла­ды. Сол сияқты өлеңнің күшімен жақ­сылықтың да нұрын шашуға жә­не жамандықтың уытын да та­ратуға болады. Құранда 114 сүре бол­са, оның біреуі ақындарға ар­налған «Шұғара» сүресі. Сол сүре­де «ақындарға азғындар ғана ере­ді, бірақ олардың иман кел­тір­­гені басқа» деген жолдар бар. Яғни, ақындар Алланың берген қа­сиетінің арқасында соңынан ха­л­ықты ертіп, сөзіне иландыра ала­ды. Бірақ қазір «құбылаңа тү­кір­дім!» деп немесе Аллаға, Пай­ғам­бар­ға қарсы күпір сөз айтып, өлең жа­зып жүргендер де бар. Мұн­дай­лар халыққа қасиетсіз ұғымдарды сіңіреді. Кейбір ғалым деп жүрген аға­ларымыз «неге мешіттер көп са­лы­нып жатыр?», «неге жастардың б­әрі намазхан боп кетті?» деп, кей­бір мінбелерден орынсыз сөз ай­тып, мәселені басқа жақтан іздей­тін сияқты. Мәселен, мен Париж сах­насында өткен жыр додасында ай­тысқым келген. Жүрсін ағам екеуміз Париж төрінде иман­ды­лық айтысын өткізейік деп ұйғар­ған­быз. Бірақ кезінде маған қам­қор болған үлкен ағаларымның бі­рі «Мұхамеджан сақалымен сах­на­ға шығатын болса, айтыспай-ақ қой­сын» деп, жолыма тосқауыл бол­ды.
– Сол Париж сахнасында өткен айтыста «Дін ислам – діңгегім» де­ген толғауыңызды оқыған кезіңіз­де, көздеріңізден сахнаға деген са­ғынышты байқадым. Халықтың іл­типатын әбден сағынып қалған сияқ­тысыз… Толығырақ оқу үшін »

Жазылған айдары Ислам | Ілмектері: , , , , , , | 5 Пікірлер »

Абайлаңыз! ХАРИЖИТТЕР

Жазған zhandos уақыты Наурыз 22, 2008

information_items_1174465555.jpgХАРИЖИТТЕР

және

олардың идеологиясы 

«Ізгі амалдар етуге асығыңдар. Ақиқатында айсыз тастай қараңғы түн сияқты,Бұліктер заманы келеді. Ол заманда, адам таңда иманды болып, кешке кәпір немесе кешке иманды болып, таңда кәпір болады. Өзінің дінін азғантай дүниеге сатады». 

Абайлаңыз! 

Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын!Шынында барлық мақтау Аллаһқа ғана тән, біз Оны мадақтаймыз, әрі Одан ғана жәрдем тілейміз, әрі Одан кешірім сұраймыз! Сондай-ақ, біз өз нәпсіміздің және іс-әрекетіміздің кесірінен Оған ғана сыйынамыз. Кімді Аллаһ хақ жолға салса, оны ешкім де бұл жолдан адастыра алмайды. Ал енді кімді адастырса, оны ешкім де хақ (тура) жолға сала алмайды. Ешқандай серігі болмаған, жалғыз Аллаһтан басқа ешбір құлшылыққа лайықты тәңір жоқ екендігіне куәлік беремін және Мұхаммед,оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Аллаһтың құлы әрі Оның елшісі екендігіне куәлік беремін.Шын мәнінде, біздің уақыт - ұлы Бұліктер мен сынақтар уақыты, көптеген мұсылмандардың жүректерінде дін негіздері шайқалған уақыт. Осман ибн Аффанның өлтірілуінен бастап, бүгінгі күнге дейін біздің үмметімізде болып жатқан Бұлік пен бөлінудің бірден-бір себебі -мұсылмандардың заңды басшыларына қарсы көтеріліс пен Бұліншілік жасауы.Шынайы білімге ие болған ғалымдар, басшыларға қарсы шығу мәселесін егжей-тегжейлі түсіндіріп, Аһлі сүннет уал-жамағаттың бұл мәселеге деген көзқарасын айтып өткен.Исламдағы ең алғашқы діни жаңалықты (бидғатты) харижиттер ағымы енгізді. Олардың пайда болуы туралы Сүннетте ескертпелер бар.Харижиттердің бұлай аталуы, олардың осы үмметтегі ең жақсы адамдарға (сахабаларға) және мұсылмандар жамағатымен бір ауызды сайланған басшыларға қарсы («хуруж») шыққандықтарынан.Аһлі сүннет уал-жамағат жолын ұстанушылар харижиттердің дінге жаңалық әкеліп, мұсылмандардың бірлігін шайқалтқан адасқан ағым өкілдері екендігіне бір ауыздан келіскен.Қай уақытта адамдар арасында харижиттік пікірлер мен көз қарастар пайда болса, білім иелері мұсылмандарды Аллаһ жолына шақырып, харижиттердің адасуын түсіндіруді міндет деп есептеген. Өкінішке орай, көптеген мұсылмандар, өз білімсіздіктері салдарынан, харижиттік сипаттардың кейбіреулері бойларында бар екенін байқамай жүр.

Харижиттердің сипаттары

1. Олар мұсылмандарды үлкен күналары үшін күпірлікте айыптайды Толығырақ оқу үшін »

Жазылған айдары Ислам | Ілмектері: , , , , , | 2 Пікірлер »

Күнәлар әсері

Жазған zhandos уақыты Наурыз 1, 2008

  Мейірімді де Рахымды Аллаһтың есімімен бастаймын.Барша мақтау бүкіл әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән. Және Аллаһтың игілігі мен сәлемі Оның елшісі Мухаммедке болсын.
Біз бұл тақырыбымыздың астында күнәлардың жекелеген адам мен қоғамға тигізетін әсерлері жайында айтып өтпекшіміз. Имам Ибн Қайим Әл-Жаузия өзінің бір сөзінде:
- Күнәлардың зиян тигізетіні сөзсіз. Және оның жүрекке тигізетін зияны удың өз дәрежесіне қарай денеге тигізетін зияны сияқты. Бұл дүние немесе ақыретте болсын адамдарға жолығатын жамандық пен ауырулардың көбісінің себебі осы күнәлар емес пе? Ойланшы, Адам ата мен Хауа анамызды Жаннаттан шығарған не нәрсе? Сондай бір ләззаттар мен нығметтердің, қуаныштар мен рахаттардың жайы балған Жаннаттан уайым-қайғы мен қиыншылық, сынақтардың жайы болған бұл дүниеге оларды не нәрсе түсірген еді?
Ал Ібілістің Аллаһтың рахметінен алыстатылып, лағнетке ұшырап, оның ішкі-сыртқы дүниесінің қорқынышты да, ұсқынсыз бейнеге айналып аспан иеліктерінен қуылуына не нәрсе себеп болған еді? Иә, ол Ібілістің жақындықтан алыстыққа, рахметтен лағнетке, сұлулықтан ұсқынсыздыққа, Жаннаттан Тозаққа, иманнан күпірлікке, Раббысына болған достығынан дұшпандыққа, ұлықтау, пәктеу сөздерінен өтірік пен қиянатқа, серік қосушылық пен жаман жаққа, сауапты істерден күнәларға өтуіне себеп балған нәрсе ол - күнә. Соның салдарынан ол Аллаһтың шексіз мейірімінен алыстап, қатты азабына душар болды. Және бүкіл кәпірлер мен серік қосушылардың, парасатсыз пасықтар мен күнәһар жасықтардың басшысына айналды. Аллаһтың әмірлерін атқармай, тиымдарынан тиылмай Оның рахмет назарынан махрұм қалып, қор болудан Аллаһтың өзі қорғасын!
Және кешегі Нұх пайғамбар қауымының ешбір құтқарушы таба алмай, топан су астында қалып өлім қауышуларына не нәрсе себеп болған еді?
Ал үстерінен жеті түн, сегіз күн тұрған жойқын желден жойылып кеткен Ғад елінің сондай үрейлі азапқа душар болуларының себебі неде?
Ащы дауыстан кеуделеріндегі жүректері тоқтап өлген Самуд елінің жойылуына не себеп? Періштелер жоғары аспанға көтеріп, кейін аударып жермен жексен етілген Лут қауымының зардабы неден? Төбелеріне қорқынышты бұлт шоғырланып, сол бұлттан үстеріне от жауып қырылған Шұғайып қауымының қасіреті неден? Кеше “Мен құдаймын” деген Ферғауынды және оның жойқын әскерін теңіз астына шөктірген нәрсе не еді? Ал байлығына мастанып, Құдайын ұмытқан Қарунның малымен, жанымен, үй-жайымен жерге жұтылуына себеп болған нәрсе не еді? Және Кітап түсірілген қауым яһудилердің бастарынан бірнеше азаптарды өткізіп, тіпті кейбір тайпаларының маймылға, шошқаға айналуларының салдары неде? Иә, Нух пайғамбардан кейін қаншалаған қауымдар өтті? Олардың қаншасы азаптарға душар болды? Не себептен? Әлбетте бәрі күнәнің себебінен!
Сөзсіз әрбір күнәнің ішінде азап бар. Егер кімде-кім сол күнәні жасаса және сол күнәлі істен бас тартып тезірек тәубе жасамаса, онда ол күнәнің қасіретті зардабы оған міндетті түрде айналып соғары сөзсіз. Бірақ, өкінішке орай, Құдайын ұмытып жасаған күнәні Құдай да ұмытады - деп ойлап, алданып жүргендер қаншама? Ал ақиқатта Аллаһ еш нәрсені ұмытпайды. Муса пайғамбар ғалайһиссалам қасиетті Құранда Аллаһты былай деп сипаттаған:
Менің Раббым жаңылмайды да, ұмытпайды” (Таһа:52) Толығырақ оқу үшін »

Жазылған айдары Ислам | Ілмектері: , , | 4 Пікірлер »

Мұсылман әйелінің сыртқы келбеті қандай болу керек?

Жазған zhandos уақыты Ақпан 12, 2008

hijab Мұсылман әйелінің киімі оның беті мен қолынан басқа бүкіл денесін жауып тұруы керек.
Киім әйелдің дене мүшелерін көрсетпеуі керек.
Әйел адамның киімі еркек адамның киіміне ұқсамауы тиіс.
Биік өкшелі аяқ-киімнен бас тарту мұсылман әйелі үшін қалаулы іс.
Хиджаб әйелдің басын, мойнын және кеудесін түгел жабуы тиіс.
Киімін кәпір-әйелдердің киіміне ұқсатуға тырысатын мұсылман әйел күнә жасайды.
Сонымен бірге, мұсылман-әйел пайғамбарымыздың с.ғ.с. мына сөзін есте сақтауы жөн: «Алла Тағала сендердің сыртқы келбеттеріңе немесе байлықтарыңа қарамайды, алайда сендердің жүректерің мен амалдарыңа қарайды» (Хадисті Абу Хурайра риуаят етті).
Құранда келесі аят түсірілген: «Әй адам баласы! Шайтан, ата-аналарыңның ұятты жерлерін көрсету үшін киімдерін шешіп, жаннаттан шығарған сияқты сендерге де сұмдық жасамасын. Өйткені, ол және оның сыбайластары, сендер оларды көрмеген жерден көреді. Шайтандарды иман келтірмейтіндерге дос қылдық». (”Аъраф” сүресі, 26).
Бұл аятта Аллах адамдарға ұятты жерлерін жауып жүруін бұйырды.
Ислам киімге қатысты әдеп нормаларын нұсқау еткен:
1. Киімнің тазалығын сақтау қажет. Тирмизидің хадистер жинағында келесі хадис келтірілген: «Тазалық – иманның жартысы».
2. Киім дене пішіндерін көрсетпеуі керек. Әсіресе бұл шарт әйелдерге қатысты. Муслим келтірген сахих хадисте былай делінген: «Ақырет күні тозақ адамдарының екі санаты болады: сиыр құйрығына ұқсас қамшымен адамдрады сабайтын еркектер мен киінген, сонымен бірге жалаңаш тәрізді әйелдер. Олар өздерінің артынан ер-адамдарды еліктіреді, олардың басындағы шаш түйенің өркештері тәріздес. Бұл адамдар жаннатқа кірмейді және Жаннаттың алысқа таралатын иісін де сезбейді.
3. Кәмелет жасына жеткеннен кейін мұсылман қызы беті мен қолдарынан басқа өзінің бүкіл денесін көрсетпегені жөн. Шашы, қолы, аяғы және т.б. тиым салынған дене мүшелері көрінетін киім кию әйел адам үшін харам болып саналады. Абу Дауд жеткізген хадисте былай делінген: Әйел бала кәмелет жасына жеткеннен кейін ол үшін беті мен қолдарынан басқа жерлерін көрсету харам болады.
4. Әйел адамның киімі ер адамдардың киіміне ұқсас болмауы тиіс. Себебі пайғамбырымыз Мухаммад әйелдерге еліктейтін еркектер мен еркектерге еліктейтін әйелдерге лағынет жасады деп Абу Хурейрадан риуаят етілген.
5 Үйден шыққанда немесе өзіне махрам емес ер адамдардың жанында болған уақытта әйел адамға иіссумен (парфюм) қолдануға тиым салынады. Бұл Абу Хурейра, Абу Муса аль Ашари сияқты сахабалардың пайғамбарымыздан жеткізген хадистерінен көрінетіні айдан анық.
6. Киім мақтанушылық пен менменшілікке әкелмеуі тиіс. Пайғамбарымыз былай деген: «Егер кімде-кім бұл өмірде киімді мәртебелі және атақты болу үшін киетін болса, Алла Тағала оларды Ақырет күні кемсітеді.» (Хадис ибн Умардан риуаят етілген).

Қазақстан Мұсылмандарының сайты

Жазылған айдары Ислам | Ілмектері: , , , , | 2 Пікірлер »

«ВАЛЕНТИНКА?» - «ЖОҚ, РАХМЕТ, МЕН МҰСЫЛМАНМЫН!»

Жазған zhandos уақыты Ақпан 11, 2008

аударма авторы: Илияс Сырым (жорналшы)

Ақпан жақындаған сайын, дүкеншелер мен базарлар қызыл-сары жүрекшелерге, «Қасиетті Валентин күнінің» тойлануы үшін қолданылатын ленталар мен басқа да түрлі-түсті заттарға толып қалатынына да көз үйренді. Алайда, бұл жасанды мерекенің қазаққа қаншалықты жақындығы және қажеттілігі бар еді деген ой - ақылды адамды бейжай қалдырмайтыны да шындық.

«Валентин күнін» тойлау дәстүрі жартылай шын, жартылай жалған деректерге негізделген. Дегенмен, бүгінгі біздің қоғамымызда бұл күн адамдар бір-біріне деген сезімін ашық әрі белсенді түрде жариялайтын, өзге жыныстағылар ел арасынан өздеріне жаңа серіктер мен жолдастар таңдайтын, сондай-ақ өзге жыныстағы біреуге өзінің сезім құштарлығы жайлы жазып, әр түрлі открыткалармен алмасатын мерекеге де айналды. Алайда, бұл түрлі-түсті көңіл көтеру Исламның қағидаларымен және ата-бабаларымыз насихаттап келген моральдық құндылықтармен сәйкес келмейді. Санасы ояу ата-аналар бұл мереке жақындаған сайын қынжылады. Өйткені олар өз балаларының түпкі негізі ар-ұжданға және әдептілікке қайшы келетін жеңілтек сезімге беріліп көңіл көтеруін және тәрбиелік мәні мүлдем жоқ осындай төмен деңгейлі мерекелерге қатысуын қаламайды. Мұсылман адам махаббат сезімін біреуге білдіру ісіне жеңіл қарамауы қажет, ол өзінің жүректен шығатын ыстық сезімін болашақта отбасын құруға, және де өзінің адал жарына сақтап жүруі тиіс.

Осы орайда, өзін мұсылман санайтын ата-аналар түгелімен коммерциялық сипатқа ие болып кеткен осы «мерекенің» рәміздері - открыткаларға, сувернирлерге бостан-босқа ақша шашудың орнына, бұл жалған салтанаттың өз балаларының рухани дүниесіне қаншалықты кері әсерін тигізетіні туралы ойланса, абзал болар еді. Валентин күні жәй ғана «ешқандай зияны жоқ» деп айта салатын мереке емес. Жоқ! Тіптен олай емес! Егер сенбесеңіздер, жақын жердегі «валентинка» сататын орынға барып көріңіз! Ол жерде сіз жай қарапайым ғана деп санап жүрген «Мен сені сүйемін!» деген открыткаларды ғана емес, сексуалдық сипаты сыртына шығып тұрған, ұяттан жұрдай «Ты мой, я - твоя!», «Мой страстный!», «Я помню первый поцелуй!», «Зайчик мой!», «Я не забуду наше первое свидание!» сияқты және соларға ұқсас мәтіндегі открыткаларды таба аласыз! Ал оларды бір-біріне сыйлап жатқан - мына біздің бауыр етіміз болған балаларымыз, намысымыздың бір бөлігі болуға тиіс әпке-қарындастарымыз, арам пиғылдардағылардың қиянатынан біз қорғауға тиісті болған аға-інілеріміз, тіпті біздің ата-аналарымыз. Таң қалдырарлық бір жағдай: анамыздың жұмыс орнындағы әріптесі оған «Сен ең әдемі әйелсің!» деп «валентинка» сыйласа, әкелеріміз намыстанбайтын да ренжімейтін де болған. Тіпті қызғанбайды да. «Онда тұрған не бар дейсің, мереке ғой! Барлығы солай жасап жатыр!» - деп жүретін еркексымақтар да ортамызда аз емес. Алайда, Пайғамбарымыз: «Әйелін бөгде еркектерден қызғанбайтын еркек жәннәттің исін де сезбейді!» деп ескерткенін еске салған жөн. Тіпті «Мен қызғаншақ емеспін!» - деп мақтанатын еркектер, «Менің күеуім қызғаншақ емес» - деп мақтанатын, «ар-намыс» деген ұғымды тек байлық немесе мәртебемен байланыстыратын, бір-бірінің жолдастарымен, тіпті олардың ұл-қыздарымен құшақтасып би билеп жүретін әйелдер мен еркектер айналаны арам шөптей қаптап кеткелі көп жылдардың жүзі болды. Оларда болашақ ұрпаққа нендей өнеге, нендей үлгі-насихат бар? Қазақтың басына да түскен СПИД, нашақорлық, жезөкшелік, зинадан бала туып тастап кету сияқты қоғамдық дерттеріміздің негізінде осындай, алғаш қарағанда еш зияны жоқ сияқты болып көрінетін, ұлттық менталитетімізге, мұсылмандық болмысымызға жат қылықтарды насихаттау жатыр емес пе?…

Ойланып қарасақ, бұның астарында адам мен қоғамды аздыруға, рухани және ұлттық құндылықтарды жоюға бағытталған жүйелі тәсіл жатқанын анық байқаймыз. Өкінішке орай, қоғамымыз мұны үн қатпай қабылдап, бойына сіңіріп үлгерді. Бұл тәсіл адамның достық, махаббат деген ұғымдарға жеңіл-желпі қарауынан туындайтын болашақ отбасылық өмірінің құлдырап бұзылуына соқтыруы мүмкін.

Ал, біздің ислам дініміз адамдар арасындағы өзара махаббат Аллаһ Тағаланың разылығы үшін ғана болуын және Оның заңдарының шеңберінен шықпауын бұйырады. Аллаһ үшін біреуді жар ретінде сүйген адам оған қиянат та, зұлымдық та, опасыздық та жасамайды. Өйткені, Аллаһтан қорқатын адам әрбір ниеті мен амалы үшін ахиретте Аллаһ алдында жауап беретіндігіне кәміл сенеді.

Ал, енді Валентин күнінің шығу тарихына көз жүгіртсек, бұл мереке ежелгі көпқұдайшыл Рим қауымынан бастау алады екен. Римдіктерде 14 ақпан күні тойланатын өздері ойлап шығарған барлық құдайлардың ханшайымы - жер құдайына арналған мереке бар болатын. Ал 15 ақпан күні олар шопандар мен үй жануарларының қамқоршысы деп саналатын бұттарға арнап, тағы бір мерекені атап өтетін еді.

Осы мерекелер барысында орындалатын бір рәсім мына төмендегідей екен: әйелдер өз аттары жазылған қағазды бір қораптың ішіне тастайды. Әрбір еркек келіп қорапқа қолын сұғып аты жазылған қағазды тартып шығарады да, өзіне бір мерекелік серік таңдап алады екен. Бұл рәсім ұрпақ жалғастыру, яғни сексуалдық мәнге ие болған. Толығырақ оқу үшін »

Жазылған айдары Ислам | Ілмектері: , , , | 3 Пікірлер »

Шайтан

Жазған zhandos уақыты Ақпан 2, 2008

  Шайтанның түп атасы жын болып табылады. «Жын» - араб сөзі. Мағынасы: «жасырын, көмес болу, көзге көрінбеу» дегенді білдіреді. Жындар да мұсылман, кәпір болып екіге бөлінеді. Жынның кәпірін «шайтан» деп атай береміз. Адамның да шайтаны болатынын жоққа шығармаймыз. Ал «шайтан» деген сөз «Алланың рахыметінен ұзақтатылған мақұлық» деген ұғымды береді. Мұсылман жындарды бауырымыз дейміз. Мұхаммед (с.ғ.с) - жынның да пайғамбары еді.Алла Тағала Өз кітабы - Құран-Кәрімде айтады:

«Жын мен адамзатты Өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым» (Зәрият: 56).

Жаратылу мақсатында жын мен адамның арасында айырмашылық жоқ. Алайда, жын мен адамның неден жаратылғандығы жөнінде айырмашылық бар. Алла Тағала айтады:

«Расында, адамды бейнеленген қара балшықтың сыңғырлап құрғағанынан жараттық. Жындарды (адамнан бұрын) түтінсіз оттан жаратқан едік» (Хижр: 26-27).

Бұл аяттардан жындардың адамзаттан бұрын жаратылғаны анық айтылып тұр. Алла Тағала айтады:

«(Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта Раббың періштелерге: «Әрине, Мен жер бетінде бір орынбасар жаратамын» - деген еді. (Періштелер): «Онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреу жаратасың ба? Негізінен, біз Сені дәріптеп, мақтау мен пәктеудеміз» деді. Алла: «Мен сендердің білмегендеріңді жақсы білемін» - деді» (Бақара: 30).

Жер деген планетада адам деген мақұлық жаратылса, онда оның бұзақылық істеп, қан төгетінін періштелер қайдан білді? Ғайыпты Алла Тағаладан басқа ешкім де білмейді емес пе? Мұның мәнісі мына жайтта жатқан секілді: Толығырақ оқу үшін »

Жазылған айдары Ислам | Ілмектері: , , , | 2 Пікірлер »

СҮЙРЕҢДЕГЕН СҮЙІР ТІЛ…

Жазған zhandos уақыты Қаңтар 30, 2008

Бар ауылда солай ма, әлде бізде ғана сөйте ме, әйтеуір ауылға барғанда көретінім, екі-үш еркектің басы қосыла қалса, біреулерді сыртынан мысқылдап, мазақтап отырғандары. «Қарап отырғанша ағайынды жамандайық» дейтіндердің дәл өзі. Біреудің отырғаны - опақ, тұрғаны - сопақ. Өзгенің табысын санап, малын есептеп, оны қалай тапқанын, не ішіп, не жеп қойғанын, онысы кімнің арқасында екенін жіпке тізіп, шотқа салып әуре.

Қалалықтар да қалыса қоймайды саясат жайлы сайрай жөнелгенде… Бірақ сөздері сөгіске айналып жүре береді. Алысқа бармай-ақ, өзімізді мысал қылуға әбден болады. Құлшынысымызды құрықтай алмай құба жонға шығып құлдыраңдай жөнелеміз. Ғайбат нәпсіден екен-ау!

… Әлгінде үйге ауылдан бір жеңгем келіп кетті. Көрген, білген, естіген жаңалықтарын айтып, жарты сағат бойы жағы тынбады. Ешкімге қажетсіз, пайдасыз ақпараттарды қардай боратып, судай сапырып қайтты. Бізден шығып тағы біреуге барады. Сосын біздің үйден не көріп не байқағанын жыр қылып айтады. Сөйтетіні анық. Себебі онда пайдалы білім жоқ. Аллаһ ауыз берген соң, ол ауыз сөйлеу керек деп түсінеді. Ел әңгімеге сусап отыр деп ойлайды. Ол, әлбетте, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Адамды жәннатқа жетелейтін оның көркем мінезі, ал тілі тозаққа апарады» деген хадисінен бейхабар. Тіпті естісе де мән бермеген шығар. Әйтпесе қазекеңнің де: «Сүйреңдеген қызыл тіл сүйгеніңнен айырар..» немесе «Тырс-тырс тамшы тасты теседі, былш-былш өсек басты кеседі» сынды мақалдарын естімеуі мүмкін емес қой. Болмаса ол: Әйел сәні өсек деп ұғуы да ғажап емес. Мұхаммед (с.ғ.с.) миғраж оқиғасынан кейін: «Тозақта әйелдер мен семіз еркектер көп екен» депті. Яғни, әйелдерге ерекше жеңілдік жоқ екен. Сабыр, салмақтылық бәрімізге де қажет-ақ.

Бала күнімнен бері өзбектер туралы анекдоттарды көп естідім. Өзім де айттым. Кейінірек қырғыздар, орыстар, армяндар, чукчалар жайлы да талай қисық әңгімелер жаттадық. Наймандар ондай, арғындар мұндай деген сынды рулардың намысына тиетін қалжыңсымақ жетерлік екен. «Құран» кітабын оқымай, оны ақ шүберекке орап биікке іліп қойсақ, ішіндегі Жаратушының ескертулері мен нұсқауларын қайдан білмекпіз? Әйтпесе, «Хұжрат» сүресінің 11-12 аяттарындағы: «Әй, мүминдер! Бір елді бір ел тәлкек (мазақ) қылмасын. Бәлкім олар өздерінен жақсы шығар… Сыр тексермесін. Біреуді - біреу ғайбаттамасын» - дегенді оқып, білер едік қой. Ал, Аллаһтың соңғы Елшісі (с. ғ. с. ): «Ей, тілімен иман келтіріп, жүрегіне әлі иман ұяламағандар, мұсылмандарды ғайбаттамаңдар. Олардың кемшілігін аңдымаңдар. Егер кімде-кім олардың кемшілігін аңдыса, онда Аллаһ оның кемшілігін аңдиды. Егер Аллаһ кімнің кемшілігін аңдыса, онда оны үйінде масқаралайды», - деген. Толығырақ оқу үшін »

Жазылған айдары Ислам | Ілмектері: , , , , , | Пікірлер жоқ »

Құран кімдер үшін?

Жазған zhandos уақыты Қаңтар 29, 2008

 
Құран кімдер үшін?

Қазір біздің кезімізде Құранды өлілерге арнап оқитындар көбейіп бара жатыр десек артық айтпаспыз. Бір жерге қонаққа барсақ: «Балам, қане, Құран оқып жіберші, дәметкендер бір аунап қалсын!» - дегендерді де естиміз. Егер Құран оқымай, батасын ғана жасап тұрып кететін болсаң, яғни халықтың бір көңілінен шықпасаң, сені уаһабисттің мән-мағынасын түсінбей, уаһабисттердің қатарына жатқызары сөзсіз. Құранды өлең құсап оқып беріп жатамыз. Сол оқылған аяттарға үңіліп, түсінуге көңіл қойып, ынталанып жатқандар да шамалы. Егер, Құранның басынан аяғына дейін ақтарып шықсақ та өлілерге арнап айтылған аяттарды таба алмаймыз. Аллаһ Тағаланың мына аятына назар аударайық: «Құран тірілер үшін ескерту, қарсы болғандарға байланысты сөз шынға шығу үшін» (36:70).

Өйткені, ең бірінші Аллаһ Тағала Құранды ең сүйікті құлы Мұхаммедке (с.ғ.с) Жәбірейл (ғ.с) арқылы түсіргені және Құрандағы «Алақ» сүресінің алдыңғы бес аяты оқып ілім іздену әрі адам баласының жаратылысы жайында қысқаша ғана баяндап кеткен.

Біз осы уақытқа дейін Құрандағы «Оқы!» - деген аяттың келгенін білместен, «Оқы, оқы және оқы, айтқан Ленин бабамыз» - деп жүрмедік пе?

Құран ізденуге шақыратынын, басқада жайттар жайында айтатынын білместен, адасқан ғалымдардың сөздеріне құлақ асқанымыз да өтірік емес.

Иә, ойлап қарайтын болсақ, егер Құран тірілерге емес, өлілерге түскен болса, онда неге жердің астындағы мәйітке түспей, Пайғамбарымызға (с.ғ.с) түседі? «Тал бесіктен жер бесікке дейін ілім іздеу - әрбір мұсылман ер-әйелге парыз» - делінген. Сондықтан кітабымыз Құран Кәрімді насихаттауды және соның жолымен жүруді ұмытпауымыз керек.   

Зікірдің ең үлкені - Құран

Зікірдің тілдік мағынасы «Алланы еске алу» дегенді білдіреді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мына хадисіне назар аударайық: «Үйлеріңді қабірге айналдырмаңдар, яғни үйлеріңде Құранды көп оқыңдар» - дейді.

Құран біз үшін музейге сақтап қоятын кітап емес. Сыртына қарап, ішіне үңілместен тамашалап кете беретін зат емес. Ол - адам баласының рухын, рухани байлығын қоректендіретін ғажайып кітап. Алла Тағаланың мына аятына көңіл бөлейік: «Сондай иман келтіргендер - Алланы еске алу арқылы көңілдері жай тапқандар. Естеріңде болсын, Алланы еске алумен жүректер орнығады». (13:2 8) және Бақара сүресінің 152-аятында «Енді Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын және Маған шүкірлік қылыңдар да қарсы болмаңдар!» - дейді.

Жоғарыдағы аяттардан көріп тұрғанымыздай, Құран Алланы еске алудың ең үлкені екендігін байқауға болады. Құран кітабы аруақтардың артынан бағыштап, болмаса оқып, хатым түсіріп, бергенін қиналмастан алу беру үшін түскен бе? Әрине, жоқ! Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Құранды арзан бағаға сатпаңдар» - дейді. Яғни, Құран оқып ақша табу - мүлдем мұсылмандыққа жат нәрсе. «Арзан бағаға сату» дегеніміз, яғни бұл дүниедегі бүкіл байлық жиналса да Алланың қасында түкке тұрғысыз болып қалады. Мысалы: Аллаһ Тағаланың бізге берген бір көзінің құнын да өтеу мүмкін емес. Аллаһ Тағала Құранда: «Әрі сендерге өзінен сұраған нәрселеріңнің бәрінен берді. Егер Алланың нығметін санасаңдар, санына жете алмайсыңдар. Расында адам баласы - өте ынсапсыз, аса шүкірсіз» (14:34). Және Нахл сүресінің 18-аятында: «Алланың нығметін санасаңдар санына жете алмайсыңдар. Рас, Алла - өте жарылқаушы, ерекше мейірімді». Құранды арзан бағаға сатып жаңылыспайық. Себебі, бұл зікірдің ең үлкені болған Құран баға жетпес қазына екенін ұмытпауымыз керек.

Құран - екі дүниенің азығы

Бұл дүниедегі азығың, рухани байлығың. Ал, ақыреттік азығың, сені тозақтан қорғап, арашалап қалуы, яғни саған шапағатшы болады. Адам баласы материалдық жағынан бай болса да, бірақ рухани жағынан жұрдай болуы мүмкін. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мына хадисіне назар аударайық: «Құран оқыңдар, себебі кім Құран оқыса, Құран қияметте өз егесіне шапағатшы болады» - делінген.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) қайтыс болар сәтінде: «Мен сендерге екі нәрсені қалдырып бара жатырмын. Біріншісі - Алланың кәләмы Құран және Менің сүннетім (хадис)» - деген екен.

Алла бізге жақсы мен жаманды, ақ пен қараны ажырату үшін баға жетпес өзінің кітабын Құранды сыйлады. Бұл Оның бізге деген мейірімділігі емес пе? Бұл дүние - жалған, ал ақырет - мәңгілік екенін көрсетіп, бұл уақытша ғана өмірде жақсылық амалдарын істеп, ақыретте солардың жемісін жейтінімізді көрсетті. Иә, Құран бізге мал-мүлік табу үшін емес, рухани байлығымызды күшейтіп, ақ пен қараны ажыратып, құлдарына насихат ретінде түскен.  Аллаһ Тағала Шура сүресінің 20-аятында: «Кімде-кім ақырет пайдасын қаласа, оған оның пайдасын арттыра түсеміз. Ал және кім дүниенің пайдасын іздесе, оған одан береміз. Оған ақыретте несібе жоқ» - дейді. Алла бізді осыдан сақтап, Өзінің тура жолынан тайдырмасын!

Жазылған айдары Ислам | Ілмектері: , , , | 5 Пікірлер »

Зікірлер

Жазған zhandos уақыты Қаңтар 27, 2008

  Ассаламу ғалейкум, құрметті дін-қарындас бауырлар! Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өзі күнде орындаған осынау зікірлердің бұл күнде біз үшін де маңызы зор. Бүгін біз осы зікірлерді өмірде күнделікті қолдана білуіміз қажет. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):«Алланы еске алушы мен еске алмаушының арасындағы айырмашылық - өлі мен тірінің мысалындай», - деп айтқан екен. Бұл зікірлерді айту ауырлық келтірмейді. Ал, оны күн сайын орындаған адамдардың Алла алдында мәртебесі артады. Алла алдында аз да болса, ұдайы жасалатын амал - көп болып, кейіннен тоқтап қалған амалға қарағанда жоғары бағаланады. Егер, төмендегі екі шарт сақталынбай жасалса, амал - Аллаһтың алдында қабыл болмайды: 1. Ықылас: (амалды Аллаға ғана беріліп атқару). 2. Сүннет: (амалды Пайғамбар (с.ғ.с.) үйреткендей етіп орындау).

ЗІКІРЛЕР

МАҒЫНА-ТҮСІНІГІ

МӘРТЕ

САУАП ДӘРЕЖЕСІ

لاَ إِلَهَ إِلا اللهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ. لَهُ الْمُلْكُ وَ لَهُ الْحَمْدُ وَ هُوَ عَلَى كُل شَيْءٍ قَدِيرٌ.

Ләә иләәһә илляллаһу уахдаһу ләә шәрикя ляһу ляһуль-мульку уә ляһуль-хәмду уә һуә ‘аля кулли шәй-ин қадиир // Алладан басқа құлшылық қылуға лайық ешбір құдай жоқ. (Мейлі, ол періште болсын, пайғамбар болсын, ғұлама-ғалым, әулие болсын сыйынуға болмайды. Дұға-тілек, құрбандық шалу, қорқу (жыртқыш аңнан қорқу секілді табиғи түйсіктен туған үрей, ол басқа), жарылқану сұрап жалбарыну, намаз т.б. амалдар құлшылыққа жатады). Ол жалғыз әрі Оның серігі жоқ (ешқандай). Мүлік Оған тән және Ол барлық мақтауға лайық. Сондай-ақ, Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді.

100

1. Он құлды азат еткенмен бірдей.2. Жүз сауап жазылады.3. Жүз күнәні жуады (өшіреді).4. Күні бойы шайтаннан қорған болады.

سُبْحَانَ اللهِ وَ بِحَمْدِهِ

Субхәннәллаһи уә бихәмдиһи // Алла (кемшілік атаулыдан) пәк және Ол барлық мақтауға лайық.

100

Аспан мен жердің арасын толтырады.

أَسْتَغْفِرُ اللهَ وَ أَتُوبُ إِلَيْهِ

Әстәғфируллаһә уә әтуубу иләйһи // Алладан жарылқау тілеймін әрі Оған тәубе етемін

100

Күнәлар кешіріледі.

اَلْحَمْدُ للهِ

Әльхәмдулилляһи // Аллаға мадақ, Аллаға шүкір (қуанышта да, қайғыда да).

 

Ақыретте таразыны толтырады

اللهُم صَل عَلَى مُحَمدٍ وَ عَلَى آلِ مُحَمدٍ

Аллаһуммә салли ‘алә Мухаммадин уә ‘алә әәли Мухаммад // Иә, Алла! Мұхаммедке (с.ғ.с.) әрі оның үй-ішіне игілік бер.

 

Кім мұны бір рет айтса, Алла оны он есе артық рақымына бөлейді.

قِرَائَةُ الْقُرْآنِ الْكَرِيمِ

Құран оқу (күніне кемі бір пара).

 

Әр әрпіне он сауап жазылады.

اَلْبَقَاءُ فِي الْمَسْجِدِ بَعْدَ صَلاَةِ الْفَجْرِ إِلَى الإِشْرَاقِ

Таң намазын орындағанан кейін күн шығып жүзі көрінгенше зікір етіп, мешітте қалу.

 

Қажылық пен Умра орындағанмен тең.

صَلاَةُ الضُحَى

Духа намазы (күн шыққан соң бір-екі сағаттан кейін оқылатын нәпіл намаз).Алла Тағала әрбір пендеге күн сайын 360 садақа беруді жүктеді.

2-12 ракағат

2 ракағат етіп оқу 360 садақаға тең.

Құрметті дін-қарындас бауырлар! Дұғаның қабыл болатын белгілі бір мерзімдері мен орындары бар екенін біле жүргеніміз абзал. Олардың бірқатарлары:

1. Қадір түні. 2. Түннің үштен бір бөлігі қалған таң атардың алды. 3. Сәждеде (намаз оқу кезінде). 4. Арафатта (қажылық кезінде). 5. Ораза кезінде (әсіресе ауыз ашар алдында). 6. Жұма күні. 7. Азан мен қамат арасында. 8. Намаздың соңғы отырысында (салауаттан соң) сәлем алдында. 9. Парыз намазынан соң. 10. Сапар кезінде. 11. Жаңбыр мен қар жауып тұрғанда. 12. Әтештің дауысы естілгенде. 13. Сафа мен Маруада (қажылық пен умра кезінде). 14. Ата-ананың балаға, баланың ата-анаға тілеген тілегі. 15. Зұлымдыққа тап болғанда. 16. Зәмзәм суын ішерде (әсіресе денсаулық тілесе).

Сондай-ақ, дұға ету әдептерін сақтау ләзім. Оның ішінде:

1. Аллаға ғана ықылас арнап сұрау. 2. Алла ғана тілегімді береді деп кәміл сену. 3. Дәретті болу. 4. Дұғаны Аллаға мадақ, Пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат айтып бастау және аяқтау. 5. Харам ас пен харам істен сақтану. 6. Құбылаға бет қарату. 7. Екі қолды көкке көтеріп, алақан жаю. 8. Алланың көркем есімдерін ортаға қойып тілеу. 9. Дұғаның қабыл болу уақыттары мен орындарына сәйкес сұрау. 10. Тілекті үш қайтара айту. 11. Алла алдында қажеттілік пен мұқтаждықты сезініп тұру. 12. Мүмкін еместі сұрамау. 13. Өзгелерден бұрын өзіңе тілеу. 14. Шын көңілмен тілеу. 15. Дұғада әдептілік шегінен шықпау. 16. Харам және күнәлі нәрсені сұрамау. 17. Жалықпай тілеу. 18. Басына күн туғанда ғана емес, барлық уақытта да Алла Тағаланы еске алып, дұға ету. 19. Дұға қабыл болмады деп асықпау. 20. Дұғада ширк амалы болмау. 21. Аят пен хадисте көрсетілгендей етіп дұға ету.

Кім осы ұсынылған ізет-парағындағы ізгі сөздерді іске асырса, онда ол Алланы ұдайы еске алушылар қатарынан табылатын болады. Сондай-ақ, ол Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетін берік те бекем ұстанған берекелі жанға айналады. Аса жоғары Алла Тағала ақырет күні бәрімізге осы ізгілікті істің игілігін көру бақытын жазсын! Алла Тағала бәріміздің күнәларымызды жарылқасын! Бізді тозақ отының азабынан құтқарып, жәйімізді жәннаттан нәсіп етсін!

Аллаға мадақ! Ол күш-құдірет, билік және ұлылық иесі. Барлық жақсылық Оның қолында. Иә, Алла, Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.), оның үмбетіне және ақырет күніне дейін оның артынан ергендерге игілік бер!

Шорабек Айдаров 

Жазылған айдары Дұғалар, Ислам | Ілмектері: , , , | 2 Пікірлер »

ДІН МЕН ДӘСТҮР (дүкеншінің әңгімесі)

Жазған zhandos уақыты Қаңтар 26, 2008

Қайырымды да мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Қызық деген осы. Күні кеше мен қолыма қалам алып, бірдеңе жазып ой толғаймын деп ойлаппын ба? Ойламақ түгілі, ондай нәрсе үш ұйықтасам түсіме кіріп пе екен? Енді міне, түн ұйқымды төрт бөліп, сөз теріп, сөйлем құрастырып, басым қатып отырғаны. Абай атамның: «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін…» дегені өз басымнан өткен соң ғана түсіне бастағандаймын. Расында, маған да ат пен атақтың қажеті шамалы. Тек қана жүрегіме жүк болған бір мәселені айтып салып тынышталмасам болатын емес. Ендеше, бәрін басынан бастайын.

Мен жер шары деген көк глобустың бір нүктесіндегі аты жазылмаған ауылдың қарапайым ғана дүкеншісімін. Көргенім көп болмаса да, ауыл деңгейіндегі мәселелердің бел ортасында жүруге мәжбүрмін. Және мен айтқалы отырған жағдай бір ауылға ғана қатысты емес-ау деп топшылаймын…

Қазақ қонақжай, жомарт халық. Қазекеңнің кеңқолтық пейілі, жаймашуақ, жайылмасуат мінезі біздің жаңаарқалық ағайындарда жап-жақсы сақталған. Өзім деген кісіге өзегін суырып, жаяу қонаққа астындағы жалғыз атын түсіп беретін дархандығы қандай мақтауға да сиярлықтай. Соның бір көрінісіндей нәрсе - тойшылдығы. «Шілдехана, бесіктой, тұсаукесер, сүндеттой… ай, шіркін-ай!» деп ақындардың шырқайтынындай-ақ бар. Қарызданып, қауғаланып жасайды да жатады. Қалталарында көк тиын болмаса да мейлі. Бәрібір, байлардан бетер тәуекелшіл. Ленин айтатын коммунизм бізде. Жалақыдан - жалақыға дейін дүкенге келіп, керегін алып кете береді. Оған көнбесең, саудаң жүрмейді.

Әлбетте, ел болған соң, оның тыныс-тіршілігі, қимыл-қозғалысы, ыстық-суығы болмай тұрмайды. Мәселен, біреудің ұлы келін әкеп қалды делік. Әбігерге түскен әке «ә» дегенде дүкенге қарай тартады. Яғни, маған келеді. Керек заттар тізімін алдыма тастайды. Мен түгендей бастаймын. Барын буып-түйіп болғанда, ол маған ақшасы жоқ екенін айтады (айтпаса да білемін ғой). Оған уайымдамаймын, бір-екі қапшық азық-түлікті артамын да жіберемін. Тойдан соң есептесеміз. Бұл жағдай күніге-ақ болып жатыр. «Киіз кітабымның» ішінде талай есімдер мен цифрлар бар. Қалаңды қайдам, ауыл дүкенінің бәрінің жұмысы осылай болып келетін шығар деп ойлаймын. Елдің бәрі ақшасы айналымда жүрген саудагер емес қой. Бірде бар, бірде жоқ, бірде зар бірде тоқ. Көктемде дән сеуіп, күзде егін орып алатын егіншідей, айдың басынан бастап таратқан тауарларымның ақысын жалақы, зейнетақыдан түгендеп аламын.

Бір күні бір ауылдасым келіп, тойға деп кәмпит-пішіни, сусын… секілді азық-түліктер сұрап тұр. Берейін десем, қайтара алмайтынын білемін. Бермейін десем, жағама жармасардай екпіні қатты. Болмағасын:

«Әй, ел қаншадан беріп жатыр, өзі? Мен олардан асырып берейін. Он-онбес мың теңгенің затын тегін ал. Бірақ, ары қарай мені қинама» дейім. Көнбейді. Сұрағаны менің айтқанымнан он есе асып тұр. Ренжиді. Ашуланады. Мен бар елдің қажетін өтей беруге міндетті сияқтымын. Абайдың сөзі бар ғой: «Бай болғаннан не пайда, кедей болғаннан не зиян, бәрі ортақ болса?» деген. Сол психология әлі де бар. Елге жексұрын боламын.

Хош делік. Айтқаным «ауыл» деген организмның ыстық (нөлден жоғары) жағдайы. Ал, суығында қандай болады? Енді соған келейік. Толығырақ оқу үшін »

Жазылған айдары Ислам | Ілмектері: , , , , , | 2 Пікірлер »